Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ 3 КАНДИДАТ ТІРКЕЛДІ

ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ 3 КАНДИДАТ ТІРКЕЛДІ

21 желтоқсан күні Шиелі ауданындағы Жуантөбе ауылдық округінде әкім сайлауы өтеді.
Маңызды науқанда 1983 тұрғын сайлаушылар тізіміне енген.

Жексенбі күні, 30 қараша, сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу қорытындысы аяқталып, талапқа сай келген 3 кандидат тіркелді.
Олардың 1-і саяси партия атынан ұсынылса, 2-і өзін өзі ұсынған.

Енді кандидаттар үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесіп, үгіттік баспа материалдарын шығарады. Сондай-ақ, БАҚ арқылы өз сайлауалды бағдарламасын жарыққа шығаруға мүмкіндігі бар.
Үгіт жүргізу үшін жергілікті әкімдік 1 үгіттік баспа материалын ілетін орын және 1 сайлаушылармен кездесу орнын белгіледі.
Бүгінгі күнге дейін аумақтық сайлау комиссиясынан 3 кандидаттың 4 сенім білдірілген адамы куәлік алды.

Айта кетейік, кандидаттар тыныштық күніне дейін, яғни 20 желтоқсанға дейін үгіт жұмыстарын жүргізе алады.
21 желтоқсан – дауыс беру күні.

Бүгіннен бастап учаскеде комиссия мүшелері жұмысын бастады. 7 комиссия мүшесі сайлаушылардың науқанға қатысты сауалдарына жауап береді.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы
01 желтоқсан 2025 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031