Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі саясат – мемлекет тұрақтылығының негізі

Жүйелі саясат – мемлекет тұрақтылығының негізі

Сәрсенбі күні «Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында» аудандық ішкі сая­сат бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы БАҚ өкілдеріне биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарға байланысты брифинг берді.
Жібек Баймұратова ең алдымен өзі басқарып отырған бөлімнің міндеттеріне тоқталуды жөн көрді. Нақтырақ айтар болсақ, мемлекеттік саясатты насихаттау, аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтауға күш жұмсау, діни ахуалды қадағалау, Үкіметтік емес ұйымдар мен жастармен жұмыс жасау, БАҚ-тармен қарым-қатынас, мемлекеттік органдар мен мекемелер де мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналастырылуын, пайдаланылуын назарда ұстау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру секілді түрлі идеологиялық міндеттер жатады. Яғни, бөлім жоғарыда аталған мәселелер бойынша аудандағы тиісті мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе ­отырып, бірқатар іс-шаралар жүргізеді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын тұрғындарға түсіндіру, насихаттаудың жоспары жасалып, елді мекендерде кездесулер өткізілуде. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған тағы бір қуанышты жаңалық, яғни зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы банкі» арқылы тұрғын-үй алу мақсатында жұмсауға мүмкіндік туғанын қуана жеткізді. Жібек Орынбайқызы тоқталған келесі мәселе, Жолдауда мемлекет басшысы айтып өткен ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлу, яғни, биыл орын алған қуаңшылықтың алдағы уақытта қайталанбауына жағдай жасау мәселесі болды. Осы мақсатта ел болып, жұмыла жұмыс атқаруға шақырды. Сонымен қатар, әлемді пандемия жайлаған тұста кеселдің қауіптілігін, одан сақтанудың жолдарын, елдегі және өңіріміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдан тұрғындарды хабардар етудің, облыс пен ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларын аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы кезге дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында пандемияға байланысты 100-ден аса мақала жарияланып, телеарнада 50-ге жуық сюжет көрсетілген.
Айта кетейік, ішкі саясат бөлімі мұрындық болған шаралардың қатарында: «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау, «Мерейлі отбасы-2021» Ұлттық конкурсына қатысушыларды іріктеу, Невада-Семей» Халықаралық қозғалысына 30 жыл толуына орай «Невада-Семей» қозғалысына тікелей қатысқан ардагерлерге «Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл» мерекелік төсбелгісін табыстау, «Мерейлі отбасы-2021» Ұлттық конкурсының Респубилкалық кезеңінің лауреаттары Жиделіарық ауылының тұрғындары «Әбілдашевтар» отбасын марапаттау секілді айтулы шаралар бар.
– Алдағы уақытта ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар келген Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы мен Закира Ержанованың 95 жылдығына орай бірнеше ауқымды шаралар ұйымдастырылмақ. Мәселен, «Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев» республикалық ғылыми-танымдық конференция және «Ақ күріштен тау тұрғызған...» республикалық ақындар айтысы, ауыр атлетикадан республикалық турнир, «Жақаевшылар слёты» секілді іс-шаралар жоспарда бар, – деді Ж.Баймұратова брифинг соңында.

Шапағат Тілеубаев
01 қазан 2021 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930