Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Оқшаулау тәртібі өзгерді

COVID-19: Оқшаулау тәртібі өзгерді

Кеше облыстық бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Індеттің әлі де беті қайтпай тұр. Сондықтан, жаңа қаулыда COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді.
Алдымен айта кетейік, еліміздегі медициналық мекемелерде дыбыстық және видеожазба жүргізуге қойылған шектеу алынып тасталды. Бұл туралы бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында жарияланды. Осыған дейін денсаулық сақтау ұйымдарында науқастар мен медицина қызметкерлерінен рұқсат алмай аудио, фото және бейнетүсірілім жүргізуге шектеу болған еді. Енді жаңа қаулыға сәйкес рұқсат алып керек емес. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі де өзгерді. Індеттің ілмегіне ілінгендермен байланыста болған адамдар міндетті түрде екі апталық карантинде болуы қажет. Яғни, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар 14 күнге үйде оқшаулауға жатады. Оқшаулаудың 3-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға байланыста болған адамды зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР зерттеу теріс болған жағдайда МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын, дене температурасы мен ауру белгілерін нақтылайды. 14 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған жағдайда карантин мен оқшаулау аяқталады. Ал, екпе алған азаматтарда аурудың клиникалық белгілері болмаса оқшауланбайды.

Шапағат Тілеубай
21 қыркүйек 2021 ж. 513 0