Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШҚО бас санитар дәрігері туристік орындарға баруға рұқсат берді

ШҚО бас санитар дәрігері туристік орындарға баруға рұқсат берді



Қаулыда:
1. Туристік-рекреациялық аймақтарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, адамдарды орналастыру және демалу орындарының жазғы туристік маусымға дайындалуына рұқсат етілсін.
2. 2021 жылғы 1 маусымнан бастап орналасатын және демалатын орындарда (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) халықты (туристерді) қабылдай отырып, рекреациялық және туризмнің басқа да түрлеріне рұқсат етілсін, - делінген.
Сондай-ақ демалушыларды демалыс және тұру орындарында, сондай-ақ Үржар, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданының туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан оларға қызмет көрсететін өзге де объектілердің иелері немесе орналастыруға жауапты тұлғаларға жаңа міндеттер берілді.
1) объектілер қызметін:
- InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін «Санитариялық нормаларға сәйкестік актісін» тексеру;
- қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өтінім беру тәртібінде мобильді топтардың тексеру нәтижесі бойынша қалалар мен аудандардағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлерімен шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің ерекше шарттары бар, шектеу шаралары жағдайында жазғы туристік маусымды ашуға берілетін «Дайындығы туралы актіні» алғаннан кейін ғана қайта бастау;
2) қоныстанатын демалушылардың (келушілердің) мәртебесін QR - код немесе ЖСН арқылы тексеру;
3) объектілерге тек «жасыл» мәртебесі бар (келуші дерекқорда COVID-19 -ға теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен ретінде белгіленген адам) жіберу және «көк» мәртебесі бар (ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19-бен ауырған пациентпен байланыста болған ретінде саналмаған адам) демалушыларды (келушілерді) жіберу.
Туристік-рекреациялық аймақ объектілеріне демалушылар (келушілер):
берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру туралы құжатты (еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда), немесе COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты (вакцинация паспортының электрондық нұсқасын),
DAMUMED медициналық сервистен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының қағаз жеткізгіштегі (көшірмесі немесе түпнұсқасы) немесе электрондық нұсқасын ұсынған кезде рұқсат етіледі. baq.kz
23 мамыр 2021 ж. 307 0