Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » BUGIN HOLDING-ТІҢ ҮЗДІКТЕРГЕ ТАРТУЫ

BUGIN HOLDING-ТІҢ ҮЗДІКТЕРГЕ ТАРТУЫ

Ел астанасынан басталған 1 айлық саяхат, біздің ауданымызда өз жалғасын тапты. Қоржындары қызықты әрі пайдалы кітап пен 1 жылдық тегін білім алу мүмкіндігіне толған Bugin holding өкілдері ауданның үздік оқушыларын қуанышқа бөледі.
№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей базасында ұйымдастырылған шара барысында, Bugin holding-нің техно-инновациялық жобаларының бас кеңесшісі Садық Шерімбек, «Daryn online» білім беру платформасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бас серіктесі Ержан Оналбаев, Bugin holding-нің медиа серіктесі Тайыпжан Дәулетхан қатысып, балаларға саяхат барысы, мақсаттары жайлы және 11-сынып оқушылары үшін мамандық таңдауға бағыт бағдар берді.
Осы білім ордасының үздік, талабы биік, республикалық сайыстардың жеңімпазы, 4-сынып оқушысы Мұстафа Ерсұңқарға холдингтің жетекшілігімен шығарылып жатқан қызықты экономикаға баулитын ертегі сыйлыққа берілді. Ал, мектептің 11-сынып оқушысы, облыстық, республикалық сайыстардың жеңімпазы, республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телевизиялық интелектуалды сайысының қатысушысы Қасиет Шамшатқа «Orda joly» платформасын 1 жылға тегін пайдалануға сертификат пен пайдалы білім сыйлайтын қызықты кітап сыйға тартылды. Шара барысында холдинг өкілдерінен мектептің кітап қорына да қызықты кітаптар сыйға тартылды

Шиелі Аудандық Білім Бөлімі ФБ парақшасынан



19 қыркүйек 2021 ж. 618 0