Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекші ұстаздарының еңбектері қайтты

Еңбекші ұстаздарының еңбектері қайтты



2018-2019 оқу жылында №159 «Еңбекші» қазақ орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары мақтанарлық марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Серікбай Сейтенов Халық Қаһарманы «Рақымжан Қошқарбаев» төсбелгісімен марапатталса, орыс әдебиетінің ұстазы Жанат Нұрылла Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Кілем Фест-2018» атты көркем-фестивалінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың алғыс хатын иемденді. Сымбат Өскенбай Өңірлік ХІV жастар Дельфий ойындарына белсене қатысып, «Декоративті-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша жүлделі І орынмен, 10 сынып оқушысы Сұлушаш Әбдірахман «Жас ғалым-2019» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Әлия Сейтмұратованың жетекшілігімен қатысып, «Тарих» секциясында ІІ орынмен, 8 сынып оқушылары Гүлсезім Маратқызы мен Іңкәр Бекболатова ұстаздары Гүлназ Файзулаеваның жетекшілігімен мазмұнды баяндама жасағаны үшін аудандық білім бөлімі басшысы Б.Сейілхановтан диплом алды. «Самғау» оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жас дарын» атты аудандық олимпиадада Гүлназ Әбдіхалықованың жетекшілігімен орыс тілі пәнінен 6 сынып оқушысы Шынар Балтанова І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Гүлназ Файзулаева халықаралық пәндік олимпиада мен республикалық жобалар жеңімпаздарын дайындаған зор еңбегі үшін Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысы С.Сүлейменов және халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы қоғамдық қорынан алғыс хат алды. ІІІ республикалық дарынды балалар форумы аясында «Қазақстан Республикасының Мақтанышы» медалімен және халықаралық ғылыми конференцияға жолдама жеңіп алған 11 сынып оқушысы Ділназ Байдүйсенова мен 6 сынып оқушысы Айгүл Өмірзақова Ақтөбе қаласының халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясының медалімен марапатталды.
Қызылорда облысының денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қазақ күресінен Х облыстық «Алтын белбеу» ақтық сайысында кіші жасөспірімдер арасында 42 кг салмақ дәрежесінде Сырым Өскенбай ІІІ орын иеленіп, 13500 тг көлемінде сертификатпен марапатталды.

«Өскен өңір» ақпарат.
01 маусым 2019 ж. 1 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930