Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талантты жастардың басын қосты

Талантты жастардың басын қосты


Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Ашық
Азаматтық Қо ғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының
ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Дельфий комитетінің
қамқорлығымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Астана қаласының
20 жылдығына орай, 2018 жылдың 15 тамыз күні А.То қмағамбетов атындағы
мәдениет үйінде өңірлік XІV жастар
Дельфий ойындары өткен болатын.
Дельфий ойындары – қатысушылар
арасынан талантты тұлғалар мен ерек-
ше дарынды жастарды іріктеп алуға
бағытталған, классикадан бастап қазіргі
заманға дейінгі өнердің барлық түрін
біріктіретін кешенді байқау. Олимпиада
ойындарымен бірге ежелгі Гре-
ция жерінде дүниеге келіп, XX-ғасырда
қайта жандана бастаған дельфий ойын-
дары бүгінде әлемнің 100-ге тарта
мемлекетінде қолдау тапқан. Атал-
мыш «Дельфий» ойындарына аудандық
іріктеу кезеңінен 50 жас өнер көрсетіп
43 жас облыстық іріктеу кезеңіне жол-
дама алған.
Жуырда өңірлік XIV жастар дель-
фий ойындарының іріктеу кезеңі болып
өтті. Бұл іріктеудің мақсаты – ауылдық
жерлердегі талантты жастардың өз
мүмкіндігін тиімді пайдаланып, үлкен
сахнаға жол ашу. «Ашық азаматтық
қоғам» және аудандық ішкі саясат бөлімі
және «Жастар ресурстық орталығы»
бірігіп жас таланттардың қатысуына
ы қ п а л ж а с а п , і р і к т е у к е з е ң і н ө з
дәрежесінде өткізді. Қазылар алқасында
Қ Р Ұ л т т ы қ д е л ь ф и й к о м и т е т і н і ң
Қызылорда облысы бойынша өкілі,
«Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-
ресурстық орталығының Президенті
А.Аликулов, қор менеджері (хореограф)
Қ.Аманкелді, қор менеджері (во-
калист) С.Әбдіқали, ауданның бірқатар
мәдениет қызметкерлері қазылық етті.
Шиелі ауданы бойынша іріктеу кезеңіне
43 өнерпаз қатысып, сайыс қорытындысы
бойынша, 36 жерлесіміз республикаға
жолдама алды. Оның ішінде 10-13 жас
аралығындағы «Жас дәурен» би то-
бын ерекше атап өтуге болады. Дель-
фий ойындарына белсене қатысып,
«Халық биі» номинациясы
бойынша
бірінші орынды иеленген кішкентай
б и ш і л е р р е с п у б л и к а ғ а ж о л д а м а
алғандардың қатарында. Топ жетекшісі
Д.Оразованың да еңбегі елеусіз қалмады.
Жас таланттарға қолдау танытқан топ
жетекшісі алғыс хат иеленді. Алдағы
уақытта талантты жастарымыздың бағы
мен бабы қатар шауып, үздіктердің
қатарынан көрінуіне тілектеспіз.
Гүлнәр ӘБДІ ХАН ИҚЫЗЫ .
08 қыркүйек 2018 ж. 2 401 0