Отбасы беріктігі – мемлекет байлығы
2017 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып бекітілді. Содан бері «Отбасы күні» ел көлемінде кеңінен аталып өтуде.
Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген тәмсіл бар. Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсері зор. Және оны өмірдегі басқа құндылықтармен салыстыруға болмайды. Сондықтан отбасы және отбасыны біріктіретін құндылықтар мен қасиеттер жөнінде тәрбиелік сағаттар балабақшадан бастау алады.

Отбасы болғаннан кейін түрлі оқиғалар орын алады. Осыған орай, отбасы институтын жақсарту, зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларды қорғау мақсатында елімізде түрлі профилактикалық шаралардың болып жатқаны баршаға аян. Осы бағытта мемлекеттік отбасы саясатын дамыту, отбасы институтын нығайту мақсатында Шиелі аудандық соты мен аудандық әкімдігі және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бірлесіп, Отбасы күніне орай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында «Отбасылық кеңес» кабинетін ашты. Кабинеттің ашылу шарасына аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Жолдыбаев, аудан әкімінің орынбасары А.Жандарбеков, сот жүйесінің ардагері, аудандық билер кеңесінің төрағасы С.Баймағамбетов және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Төлегенов қатысып, бастамаға жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Отбасылық өмірдің жауапкершілігі әйелге де, еркекке де бірдей міндет. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, ерлі зайыптылар әрдайым бір-біріне рухани және материалдық жағынан қолдау көрсетулері тиіс. Қиындықтарға тап болған жағдайда ашудың жетегінде кетпей асқан жауапкершілікпен қараған жөн. Әсіресе, жастар ажырасса ғана отбасылық қиындықтардан құтыламыз деп ойлап, тез және ойланбастан шешім шығарады. Алайда, бұлай ойлау қате және қиындықтан шығатын жол емес. Осындай мақсатта ашылған «отбасылық кеңестің» пайдасы зор. Бастысы айрандай ұйыған отбасыңыздан ажырамай, бірлікте, татулықта өмір сүріңіз.
Ақбота Баянбай