Алпамыстың құрдастары мектепке барады
Режиссер Абдолла Қарсақпаевтың «Алпамыс мектепке барады» атты керемет фильмін барлығыңыз тамашалаған боларсыздар. Бар арманы мектепке бару болған кішкентай Алпамыстың бүгінгі құрдастары – алты жасар бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттайтын күн жақындап келеді. Кешегі әжесінің етегінен жібермей, той-томалақта тәтті жеп жүрген аудандағы 1850 қара домалаққа 1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау соғылады. Аудандық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жаңа оқу жылында 18611 бала мектеп қабырғасында білім алады деп күтілуде.
Жаңа оқу жылында жаңалық көп. Ең бастысы оқу дәстүрлі форматта өтеді. Оған білім сапасының төмендеуі себеп болды. Дегенмен ата-аналар тарапы алаңдап отыр. Өйткені, ел ішіндегі індеттің екпіні бәсеңсімей тұр.
Оқушылар екпе ала ма?
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының дәстүрлі форматта өтетіні ресми түрде хабарланды. Осылайша, олар көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Әрине, мектеппен қоса балабақша, колледж бен жоғары оқу орындары да оффлайн форматта білім береді. Айта кетерлігі, мемлекеттік балабақша болсын, жеке меншік балабақша болсын, балалар мекемеге барады. Педагогтердің вакцина алу жайы да ескеріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзіне сүйенсек, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау үшін арнайы санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданбақшы.

– Барлық мектеп, колледж бен университеттердегі қызметкерлер мен білім алушыларға маска кию міндетті болады. Барлық білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтау, дезинфекция шаралары өткізіледі. Студенттер, педагогтар мен басқа да қызметкерлер үшін «Ashyq» жүйесіне тіркелу – міндетті талаптардың бірі, — деді Асхат Аймағамбетов.
Оқушыларға келсек, ата-аналар тарапынан сауал көп. Себебі, кейінгі аптада елімізде індет жұқтырғандардың саны 10 процентке көбейген. Бірақ, А.Аймағамбетов оқудың дәстүрлі форматта жалғасатынын, егер сыныптан бір оқушыдан вирус анықталатын болса, аталған сынып қана қашықтан оқитынын баса айтты. Одан бөлек, өткен оқу жылындағыдай ата-аналар арнайы өтініш жазып, баласын қашықтан оқыта ала ма? Өйткені бұрын олар оффлайн оқу үшін осындай өтініш толтырған-ды. Бұл сұраққа министр үзілді-кесілді «жоқ» деп жауап берді. Ата-анасы, туысы немесе өзі вирус жұқтырған оқушы ғана белгілі бір уақытта қашықтан білім ала алады. Ал, оқушыларға вакцина салу турасында Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы дайын. Олар «Pfizer» вакцинасының келгенін күтіп отыр. «Қалай келеді, солай вакцина салуды бастаймыз. Әрине, ата-аналарының ақпараттандырылған келісімімен ғана», – деп жауап берді ДСМ.
Қандай өзгерістер болады?
Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі формат деп бекініп отырғанымен, эпидахуалға қарайтындарын жоққа шығармады. Вирустың таралуы көбейіп кеткен жағдайда, олар Б жоспарын іске қосуға дайын. Оның үстіне, өткен жылғы ІV тоқсандағы аралас форматтағы білім беру дағдылары көмек береді деп отыр. «Жаңа оқу жылында жұмыскерлердің вакцина алуы да ерекше маңызға ие. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Бұған қоса, мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, үзілістер уақытын әр уақытқа белгілеп, «бір сынып – бір кабинет» жүйесі жұмыс істейді. Барлық бұқаралық іс-шараға тыйым салынады», – деді минстрлік.

Осы тұста оқу жылының өзгерісі деп «Ashyq»-ты айтсақ болады. Ең алдымен, «Ashyq» жобасын қызметкерлер, педагогтер, балабақшаларға баласын әкелетіндер пайдаланады. Бұл жоба әзірге ересектер мен студенттерге арналған. Ал, мектеп оқушыларына не істеу керектігін алдағы уақытта шешетінінде тілге тиек еткен еді министр. 2021-2022 оқу жылының тағы бір жаңалығы «Әліппе» мен «Букварь» оқулығының қайта қолданысқа енгені. 1 қыркүйектегі алғашқы қоңырау салтанатына келсек, оған бірінші сынып оқушылары ғана қатыса алады. Өйткені оларға «Әліппе» мен «Букварь» табысталады екен. Соған сәйкес, санитарлық норманы сақтау міндетті. Ал, 2-11 сынып оқушыларына сынып сағаты ұйымдастырылады.
Өткен оқу жылында онлайн форматтың оңдырмағанын аңғардық. Білім сапасы да күрт түсіп кетті. Смартфонға үңілген бала қайбір сабаққа ден қойсын. Осыдан соң ата-аналар балаларының мектепке барып білім алуын қалады. Бірақ, індет дендеп барады. Жас балалардың өкпесіне жармасқан тәжтажал көңілге күдік ұялатуда. Содан болар ата-аналар «Сабақты оффлайн форматта оқып көрсін, ауру өршіп жатса қайта қашықтан оқуға көшіруді сұраймыз» деп отыр.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ