Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 33 тонна шөп жөнелтті.

Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 33 тонна шөп жөнелтті.

Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 33 тонна шөп жөнелтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Игілікті іс аталған өңірде қуаңшылық орын алуына байланысты аймақтың белсенді азаматтарының ұсынысымен қолға алынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, Шу, Луговой, Жанатас және Тараз қаласы темір жол стансаларындағы вагондарға облысымыздың барлық ауданынан келген жоңышқа, пішен және табиғи шөп артылып, Сыр еліне жол тартты.
Бұл шараға Байзақ ауданындағы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Бірлік» шаруа қожалығы да өз үлестерін қосып, 300 бау жоңышқа берген.
Сын сағатта бірлігіміз сыналады, бірге болсақ – ынтымағымыз нығаяды. Біздің бүгінгі жасап жатқан амалымыз уақыт оздырмай, қуаңшылыққа тап болған ағайынға шөпті ертерек жеткізу, - дейді байзақтық «Бірлік» шаруа қожалығының жетекшісі Рүстем Ақылбеков.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, аймақта қажетті ірі сабақты мал азығының қоры жеткілікті.
Бүгінгі таңда облысымызда мал азығын дайындау жұмыстары жалғасын табуда. Мал қыстауын қалыпты өткізу үшін 1,7 млн тонна пішен дайындау жоспарланған. Бүгінде 1,5 млн тонна пішен, 58 мың тонна пішендеме дайындалды. Алда сүрлем дайындау науқаны тұр. Жалпы облыста мал ағызына қажетті ірі сабақты мал азығының қоры қажет мөлшерде жиналды. Енді, міне, өңір шаруаларының ұсынысымен қуаңшылықтан зардап шеккен Қызылорда облысының Арал қаласына, Сексеуіл кенті мен Қамыстыбас ауылдық округіндегі шаруаларға жем-шөп жеткізілетін болады, - дейді ол.

https://baq.kz

31 шілде 2021 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930