Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық диқандар күрішті 5 қазанға дейін орып болады

Қызылордалық диқандар күрішті 5 қазанға дейін орып болады

BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде егін жинау жұмысының барысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков баяндады, деп мәлімдеді Қызылода облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күнге облыс бойынша күріштен басқа барлық дәнді дақылдар мен мақсары толық жиналды. Күздік және жаздық бидай, арпа дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар, дәндік жүгерінің 55,9%, жиналды. Қазіргі уақытта картоп дақылының 48%, көкөністің 68%, бақшаның 67% жиналды. Орта өнім картоптың әр гектарынан 119 цн, көкөністен 171,9 цн, бақшадан 212 цн, мақсарыдан 9,1 цн өнім алынуда»,-деді Қамбарбек Мүбараков.

Сонымен қатар, қысқа қажетті мал азығы дайындалды. Облыс бойынша барлығы 577,3 мың тонна дайындалды. Оның ішінде 192,4 мың тонна - жоңышқа шөбі және 384,9 тың тонна - табиғи шөп.

Күріш жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімінде аяқтау үшін қолда бар барлық мүмкіндіктер жұмылдырылған. Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген. Күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 16 мың тонна мемлекет тарапынан арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр. Тамыз айына бөлінген 4,6 мың тонна дизель отынының 3 705 тоннасы облысқа жеткізілді.

«Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуынан егін егу мен күтіп – баптау жұмыстары мерзімінде атқарылды. Егін жинау жұмыстарына қажетті техникалары да жеткілікті. Жалпы күріш жинау жұмыстарын ауа райы қолайлы болса, 5 қазаннан кешіктірмей аяқтауды жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
18 қыркүйек 2019 ж. 780 0