Жаз демеді, күз демеді, індет індеп лездеді
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз залында Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада Әйтекеева брифинг өткізді. Онда қазіргі эпид ахуалдың күрделі екенін айтып, сақтануға шақырды.
Шиелі ауданында CОVІD-19 індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз және індет жұқтырғандардың қатары көбеюіне байланысты жуырда ғана қызыл аймаққа ендік. Эпидахуал әсіресе «дельта штамының» жылдам таралуына байланысты күн сайын өршуде. Мәселен, соңғы бес күндікте күніне 5-тен 11-ге дейін індет жұқтырушы тіркелген болса, кеше күні 29 жағдай тіркелді. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 62,5 % -ке жоғары. Жыл басынан ауданда тіркелген CОVІD-19 – 445 жағдай. Мұның нақтыланғаны – 313, ал пневмония – 132 жағдайды құрап отыр.
Шиелі ауданында CОVІD-19 індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз және індет жұқтырғандардың қатары көбеюіне байланысты жуырда ғана қызыл аймаққа ендік. Эпидахуал әсіресе «дельта штамының» жылдам таралуына байланысты күн сайын өршуде. Мәселен, соңғы бес күндікте күніне 5-тен 11-ге дейін індет жұқтырушы тіркелген болса, кеше күні 29 жағдай тіркелді. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 62,5 % -ке жоғары. Жыл басынан ауданда тіркелген CОVІD-19 – 445 жағдай. Мұның нақтыланғаны – 313, ал пневмония – 132 жағдайды құрап отыр.
– Шиелі ауданында 2021 жылдың қаңтар айында коронавирус инфекциясының 11 жағдайы, ақпан айында – 19, наурыз айында – 9, сәуір айында – 119, мамыр айында – 98 , маусым айында – 76 жағдайы тіркелсе, шілде айының 23 күнінде 120 жағдай есепке алынып, эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі орын алды, – дейді Гүлзада Садықбекқызы.
Динамикада жүргізілген зерттеулер саны артты, бұл негізінен тығыз қарым-қатынастағылардың көптігінен орын алып отыр. Бір апта ішінде 560 зерттеу жүргізілді, орташа есеппен тәулігіне 85-90 зерттеу жүргізіледі.
Ауырғандардың ең жоғары деңгейі бұрынғыдай ересектер арасында тіркелген, олар жалпы сырқаттанушылықтың 59,6%, балалар үлесі 9,3% және жасөспірімдер 15,4% құрайды. Ересектер арасында 15,5 % 30-39 жас аралығындағы топқа тиесілі. Сәуір айынан бастап егде жастағы адамдар арасында жағдайлардың 3,1%-ке, 18-29 жастағы адамдар арасында 6,8 %-ке өсуі байқалады. Өкініштісі, сырқаттанғандардың дені жұмыс істейтін тұрғындар – 31,4%, жұмыс істемейтіндер – 35,3%, зейнеткерлер – 18,2, %, оқушылар – 7,1%. Сондай-ақ, оқушылардың сырқаттан сырт болмай тұрғаны да алаңдатады.
Г.Садықбекқызының айтуынша, коронавирустық инфекция жалғасуының негізгі себептері – тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы, атап айтқанда адамдар көп жиналатын орындарға бару, бетперде кимеу, сондай-ақ амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да үй карантині режимін сақтамауы болып табылады.
Екпеге қатысты айтар болсақ, қазіргі таңда, ауданда екпе алу жұмыстары жалғасып жатыр. 2021 жылдың 5-ші ақпанынан бастап ауданға келген 1 кезеңде 38420 доза екпесі 19135 адамға егілсе, ІІ кезеңде 11414 адам қамтып отыр. Сондай-ақ, мониторингтік топ бүгінгі күнге дейін 327 рейдтік шара жүргізіп, 815 нысан тексерілді. Тексеру барысында карантин талаптарын бұзғаны үшін құрылған үйлестіру орталығы арқылы 25 нысанға шұғыл хабарлама толтырылып, аудандық полиция бөлімінен 2 мәлімет басқармаға жолданған. Нәтижесінде 20 жеке тұлғаға және 6 кәсіпкерлік тұлғаға 26 хаттама толтырылып, 2 887 770 тг өндірілді.
– Сіздерден карантин шараларын мүлтіксіз сақтауды сұраймыз. Бетперде тағып, қолыңызды мұқият және үнемі жуу, әлеуметтік арақашықты сақтау қажет. Түрлі мерекелер мен той-томалақтарды өткізуді де тоқтата тұруымыз керек. Осылайша бұл індетті барлығымыз бірлесіп қана жеңетінімізді естен шығармауларыңызды сұраймын және ұжымдық иммунитет қалыптастыруға вакцинация алуға шақырамын,– дейді Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Әйтекеева.
Ақбота Баянбай