Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақтанайық, сақ болайық!

Сақтанайық, сақ болайық!


Сәрсенбі күні аудандық баспасөз орталығында брифинг өтті. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада Айтекеева індеттің өршуі жайлы сөз етті.
Бір жыл бұрын әлем қалай дүрлікті? Тосыннан келген індетке қарсы АҚШ, Франция, Италия, Германия сияқты алып мемлекеттер қыруар қаржы бөліп, індетке қарсы білек сыбана күресті. Қытайдан басталған індет лаулаған от секілді, көзді ашып жұмғанша елімізге де жетті. Қойға қасқыр шапқандай бұл індеттің кесірі біраз қандастарымызды ортамыздан алып кетті. Ел шекарасы жабылды. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сияқты үлкен қалалардың өзі қаңырап бос қалды. Қаладан қашып, ауылға қарай беттеген халықтың қарасы қалың еді. Аудан, ауылды тыныш деп жан сауғалаған ағайынның қуаныштары ұзаққа созылмады. Індет жұқтырған адамдар өңірлерден де табылды.
Індеттің өршуіне байланысты кинотеатр, спорт кешендері, базарлар, қоғамдық көліктер, мейрамханалар қызметі тоқтап, әр ауылдың шекараларына блок посттар қойылды. Бұл індет бейқамдықты, жайбасарлықты көтермеді. Күн санап індет жұқтырған адамдардың саны да өсе берді.
Былтыр Шиелі ауданы да осы індеттің ошағына айналғаны әлі естеріңізде болар. Алдағы уақытта індеттің қайта өршіп кетпеуі үшін сақтық шараларын қатаң сақтап, барша аудан тұрғындары бірлесіп атсалысуы қажет.
–Қазіргі таңда, індеттің әлі өршіп тұрғанын өздеріңізде жақсы білесіздер. Жыл басынан бері ауданда сәуір айы­на дейін 50 жағдай тіркеліп отыр. Сиптомдық түрі – 18 жағдай болса, сиптомсыз түрі – 32 жағдай. Мұны жас ерекшелігіне қарай бөлетін болсақ 1 жасқа дейін 1 , 2-14 жасқа дейін 7, 15-29 жасқа дейін 9, 30-60 жасқа дейін 23, 60-89 жасқа дейін 10 жағдай тіркелген. Сонымен қатар, басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар жетерлік. Түсіндірме жұмыстарымыз бар. Қазіргі кезде той, іс-шаралар өте көп. Ауданда 3 мобильді топ осы бағытта жұмыс жасауда. Біз бұл індетті шектеу шаралары арқылы ғана тоқтата аламыз. Ол үшін, аудан тұрғындарына айтарымыз тойға, іс-шараларға бармай, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз, – деді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада Айтекеева брифинг барысында.
Айта кетейік, қазір еліміздің 6 өңірі «қызыл аймаққа» кіріп отыр. Ал Қызылорда облысы «сары аймаққа» өтті. Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айы пандемия жағдайында өтеді.

Дархан Байтілес
09 сәуір 2021 ж. 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930