Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМБАҚ ТАҒДЫРДЫҢ АҚИҚАТЫ

ЖҰМБАҚ ТАҒДЫРДЫҢ АҚИҚАТЫ


Өткен аптада Алғабас ауылдық мәдениет үйінде Ермек Түсіптің «Жұмбақ тағдырдың ақиқаты» атты кітабының тұсауы кесілді. Тұсау кесу кешіне ауыл тұрғындары, оның сыныптастары, БАҚ өкілдері және еліміздің Алматы, Жезқазған, Қарағанды қалаларынан жақындары келіп, қуанышқа ортақтасты. Сондай-ақ, салтанатты кешке аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Есмаханов та қатысып, кітаптың тұсауын кесті.
«Жұмбақ тағдырдың ақиқаты» атты кітапта әке мен ана махаббатын тағдыр жазуымен сезіне алмаған жанның өмірдерегі жазылған. Өмірі түрлі сынақ пен қиындықтарға толы Ермек Түсіптің өмір жолы ауыр болғанымен, соған сынбай, мүдірмей шыққан жанның ғұмыры оқырмандарға мотивация, күш-жігер беретіні анық. Қатал тағдырдың құрсауынан шығуға талпынып, ата-ананың аялы алақаны мен мейірімін аңсаған қорғансыз сәбидің басынан кешкен аянышты оқиғалары мен жауапсыз сұрақтар, қарама-қайшы пікірлер кейіпкерді өмір ағысына қарсы шынықтыра, шыңдай түседі. Сондай-ақ кітапты оқи отырып, жалған фәниде ағайын-туыстан, дос-бауырдан артық ешкім жоқ екенін түсінуге болады.
Кітаптың негізгі мазмұны барлығына түсінікті, ойы орамды, тілі жеңіл. Аяққа оратылып жүрген артық сөз кездеспейді. Тағы бір ерекшелігі, туынды да келтірілген ой-пікірлердің барлығы шындыққа жанасқан, ешқандай алып-қашпа, өтірік әңгіме айтылмайды. Сонымен бірге, кітапта бас кейіпкер, тағдырдың тауқіметін жеңе білген Ермек атаның ағайындары, құрдастары мен сыныптастары, басқа да ет жақындары атаның адамгершілік қасиеті, көркем мінезі, ерекше қабілеті туралы сөз қозғап, пікір білдіреді.
Қойылыммен басталған тұсаукесердің жалғасы ауылдық мешітте Ш.Қодаманов пен ата-баба рухына құран бағыштаумен аяқталды.

Ақбота Баянбай
29 маусым 2021 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930