Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданның қарт қариясы

Ауданның қарт қариясы


Дүниедегі ең қымбат нәрсе – адамның өмірі. Сондықтан да бабала-рымыз «мың күнгі жұмақтан бір күнгі өмір артық» деп, атар таң, шығар күннің қасиетін айрықша бағалаған. Бүгінгі жарқын өмір ардагер ата-әжелердің кешегі жүріп өткен қиын-қыстау жолдарының жемісі. Жас ұрпақтың бақытты болашағы үшін олар жастық жалын, жігерін тәрк етіп, қатал тағдыр теперіштеріне жанқиярлықпен қарсы тұрды. Өмір жолы өнеге сондай қадірменді қарияларымыздың бірі аудан тұрғыны Бибіажар Нұрғалиева. Атап өтер жайт – кейуана аудандағы ең жасы егде қария болып отыр бұл күні.
Ауданның үлкені Бибіажар Нұрғалиева 1916 жылы 1 қаңтарда Шиелі ауданындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Бесбесік деген жерде дүниеге келген. Сол жерде Әлімбай деген мешіт болған. Жалғыз ағасы Ербай Ұлы Отан соғысына қатысып, қайта оралмаған. Алғашқы еңбек жолын Қарағанды облысындағы «Қарсақпай» кенішіндегі шахтада кен өндірумен бастаған. Елге келгеннен кейін де қарап отырмай, Шиелі каналын қазуға қатысады. Кейінгі жылдары 30 жылдан астам уақытын Шиелі ауданы, Қазақстанның 30-жылдығы (Бүгінгі Балаби ауылы) совхозындағы дәрігерлік пунктте техникалық қызметкері болумен ұштастырады. Тағдырдың маңдайға жазғаны болар, отбасылы болса да, ұрпақ көре алмайды. Жалғызбасты қарт ана қазіргі уақытта Ш.Қодаманов ауылындағы сіңілісі Бибіжамал Нұрғалиеваның отбасымен бірге тұрады.
Тағылымды ананың жастарға тәлім-тәрбие беруде, ұлтымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін насихаттауда, кейінгі ұрпаққа өнеге етуде қосқан үлесі өте зор деуге болады. Қашанда қатарларының алды болып, әйелдердің басын қосып, жүрген жерінде береке-бірлікке, ұйымдасқан тірлікке бастап жүргені өзгелерге үлгі. Кеңес дәуірінің барлық жақсы да, ауыр да тұстарын көріп қалған. Десек те, сол заманғы талай өзгерістер мен колхоздастыру заманында құрыштай қайнап, ұйымдастырушылық қабілетті бойына жиып қалған. Бұл енді мына өмірдің сандаған асуынан алқынбай өткен, басына түскен түрлі қиындыққа мойымай, тіршілігінің тура жолын жаңылмай тапқан адамға тән қасиеттің бірі болса керек.

Дина ӘБіЛАСАН.
29 қыркүйек 2018 ж. 2 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930