Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінде "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты республикалық ақындар айтысы өтті

Сыр елінде "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты республикалық ақындар айтысы өтті

Кеше аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ұлттық құндылықтарымыз бен мол мәдени мұраларымызды дәріптеп, қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің тәуелсіз жылдар аралығындағы жетістіктерін насихаттау мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қолдауымен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Аталмыш жыр додасына республикамызға белгілі 12 ақын қатысып, тәуелсіз еліміздің 30 жыл ішінде бағындырған белестерін жырға арқау етіп, жыр жүйріктері ұлттық өнерді ұлықтады. Олар: Бекарыс Шойбеков (Түркістан қаласы), Айбек Қалиев (Арқалық қаласы), Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Бауыржан Ширмединұлы (Орал қаласы), Серік Қуанған (Өскемен қаласы), Айшолпан Тілеутай (Семей қаласы), Айдос Рахметов (Қызылорда қаласы), Мұхтар Ниязов (Қызылорда қаласы), Нұрмат Мансұров (Сырдария ауданы),) Нұрзат Қару (Қазалы ауданы) Жамбыл Бақытәліұлы (Қызылорда қаласы).  ​https://kaz.nur.kz​​​
26 маусым 2021 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031