Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер күнінің маңыздылығы ерекше

Мемлекеттік қызметшілер күнінің маңыздылығы ерекше


23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, аудан әкімінің мәжіліс залында салатанатты шара өтті. Онда ауданымыздағы бір топ мемлекеттік қызметшілер мен сала ардагерлері марпатталды. Мемлекеттік салада ұзақ жыл еселі еңбек етіп елдің оң бағасын алып, абыройлы еңбек еткендерді аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов салтанатты түрде кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аталмыш шараға Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, дербес бөлім басшылар, БАҚ өкілдері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бұл кәсіби мерекенің басты мақсаты – мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін халыққа жеткізіп, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру еді.
– Бұл кәсіби мереке – мемлекеттік қызметте жүрген барша азаматқа ортақ. Әрине, бұл саланың қиындығы да, жауапкершілігі де мол. Соған қарамастан, біздің басты міндетіміз – ауданның дамуына өз үлесімізді қосу. Себебі, мемлекеттік қызметші дегеніміз – ел тірегі. Сондықтан, біз қандай да бір шешім қабылдағанда оның арғы жағында мыңдаған адамдардың тағдыры тұрғанын түсінуіміз қажет. Бұл – үлкен жауапкершілік және бізге артылып отырған сенім. Сондықтан, мемлекеттік қызметте шыншыл адамдар жұмыс істеуі қажет. Сіз бен біз таза ниетті болсақ, қоғам да таза болады, – деді аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов.
Халқына қызмет етуде білімі мен тәжірибесіне сүйенген, адалдықты ту ететін таза жүректі, ар-намысты мінсіз азаматтар ғана мемлекеттік қызметші деген атқа лайықты. Сондықтан әрбір ұжымда ұтқырлық пен дара шыққан бірқатар мемлекеттік қызметшілерді өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін марапатқа ие болды.
Атап айтар болсақ, мемлекеттік қызмет саласының ардагері У.Батыршаеваны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі З.Жұмабаева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» медалін кеудесіне тақты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Ақмая ауылында әкім, саяси және мемлекеттік қызмет өтілі 25 жылдан асып зейнетке шыққан Сәдуақас Пірімбет Республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының шешімімен өз саласына қосқан еселі еңбегі үшін «Еңбек даңқы» орденімен марпатталды. Басқа да өз ісінің сала мамандарына аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Шара соңында, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов Тәуелсіз еліміздің өркендеу жолында еңбек етіп жатқан барлық қызметкерлерге алғысын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Шапағат Тілеубаев
25 маусым 2021 ж. 485 0