Абыройлы міндет адалдықты талап етеді
Биыл елімізде жетінші рет «Мемлекеттік қызметшілер күні» аталып өтеді. Бұл күннің тарихы 2002 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ-нан бастау алады. Иә, айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамды дамыту мен өркендету жолында мемлекеттік қызметкердің қосар үлесі мен салмағы ерекше.
Әр қызметтің өз тартымдылығы болатындығы секілді бүгінде мемлекеттік қызметке қызығушылық артып келеді. Әсіресе, жастар жағынан осы салаға деген қызығушылықтың бары біздерді қуантады. Рас, ел мүддесі, халық игілігі бәрінен жоғары тұрғанда ғана нәтижелі, өнімді жұмыс болады. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы сияқты. Оның ар-ожданы асқақ, әділетті, шебер ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметкердің өз міндетін қаншалықты сапалы етіп көрсеткендігіне қарап бекиді. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметшінің халықтың мүддесіне қызмет қылып, көкейтесті мәселелерді заң шеңберінде шешуі талап етіледі.

Бүгінде ауданда 208 мемлекеттік қызметкер еңбек етеді. Жыл сайын олардың қатары көбеюде. Осы салаға деген сұраныстың артуы, аудан жастарының қызығушылығының көптігі көңілге қуаныш сыйлайды. Аудандағы 208 мемлекеттік қызметшілердің ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері бар. Және кенттің өсіп-өркендеуі, дамуы жолында да жасап жатқан жұмыстары жетерлік.
Ел үшін еңбек ету – зор құрмет, абыройлы міндет. Халық үшін маңдай терін төгіп, ақ адал еңбегімен ел аузына ілігіп жүрген қарапайым, ізетті, мейірімді мемлекеттік қызметшілердің мерейі үстем болғаны дұрыс. Күнделікті жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Жалпы мемлекеттік қызметтің күн өткен сайын мәртебесі өсіп, жауапкершілігі артуда. Осыдан мемлекеттік қызметшінің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады. Біз осы басылым арқылы барша мемлекеттік қызметшілерді төл мерекелерімен құттықтаймыз! Бүгінгі кәсіби мереке сіздердің мәртебелеріңізді өсіріп, өз жұмыстарыңызға деген сенім мен құрметтің артуына арқау болатыны анық. Және де мемлекеттік қызметкерлер «ұлттың қызметшісі» болғанда ғана мемлекеттік қызметтің мінсіз болатындығы анық.
Сұлушаш МАДИЯРОВА