Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшінің мерейі

Мемлекеттік қызметшінің мерейі

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты, ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды.

Мемлекеттік қызметкер – Президент сая­сатын жергілікті жерде жүзеге асырушы, халық пен билікті байланыс­тырушы деп білеміз. Міне, осындай сенім үдесінен шығып жүрген Талғат Бөпежанов 2005 жылдан бері «Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін абыроймен атқарып келеді. Еселі еңбегімен елге танылған ол, 2019 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші – 2019» атанды.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
06 қаңтар 2020 ж. 778 0