Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық- этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды».
Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілген қызметтік сапасына байланысты. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін  қалыптастыру  шеңберінде:
Сыбайлас жемқорлықққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықта мемлекеттік  қызметшілердің мінез-құлқының этикалық нормаларын нығайту;
Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, ар-намыс кодексін қатаң әрі мүлтіксіз сақтауға тәрбиелеу.
Көпшілік санасында кәсібилік, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттілік ұғымдарына негізделетін мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру жоспарланған. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түсіндіру- насихаттау жұмысы жүргізіледі. «Электрондық үкімет» порталын мемлекеттік органдардың қызметі және үздік мемлекеттік қызметшілер туралы материалдарды жариялау бөлігінде жүйелі түрде жаңарту қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік қызметші келесі этикалық ережені басшылыққа алуы тиіс.
Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жасауы керек.Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттік игілігіне жұмыс істеуі  және мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек. Заң талаптарымен толық келісіп өмір сүруі өте маңызды. Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеу керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылықтың өнегесі болуы және адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағына білу керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін өзі орындай білуі керек. Мемлекеттік қызметші егер мемлекет мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда дереу шара қолдану керек.
Мемлекеттік қызметшіде жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, патриоттық сезімі, моральдық келбеті болуы қажет.
Айта кететін жағдай, этика нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29.08. №1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдар қызметкерлеріне сыйақы беру ережесіне сәйкес тәртіптік жазаны өтегенге дейін (6 айдан соң) сыйақы ала алмайды. Бұл этика нормаларын бұзуды болдырмау үшін қосымша шара бола алады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші- мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Шиелі аудандық сотының бас маманы З.М.Алимкулова
12 маусым 2019 ж. 1 884 0