Кәсіби тиімді Мемлекеттік аппарат қалыптастыру
«Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа саяси курсты жариялағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрпатын түбегейлі өзгерту және оны қазіргі заманғы жаңғырту процестерінің басшысына айналдыру үшін бағытталған реформалардың біртұтас кешенін ұсынды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппаратын қалыптастыру міндеті басты орында. Бұл үшін жетілдірілген таңдау әдістемелері мен кәсіби даярлық, меритократия қағидатын енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту арқылы мемлекеттік қызметтің кадр құрамын сапалы жақсарту көзделген.
Түбегейлі және ауқымды өзгертулерге, дүниеге көзқарасты өзертуге бағытталған құндылықтарды енгізуге бағытталған реформаларды жүзеге асыру мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру мен халыққа адал және тиімді қызмет етуге бағдар алған мемлекеттік аппарат құруды көздейді. Әлем тарихында мұндай деңгейдегі жаңғырту реформалары шала болғандықтан немесе кертартпалық пен кәсіпқойлықтың жеткіліксіздігінен және мемлекеттік аппараттың сыбайлас жемқорлыққа батқандығынан жолсыздыққа әкеп соққан жағдайлар аз болмаған. Сондықтан, Мемлекет басшысы осы институционалдық реформаға ерекше назар аударуда.
Жалпы, мемлекеттік қызметшінің қоғамдық ортада, жұмыс орнында мәдениеттілік сақтап өз-өзін ұстауы, оның киім киісі айналып келгенде елдегі ахуалды айқындап тұрары сөзсіз. Сол себепті де, мемлекеттік қызметкерлер көтерген шоқпарының салмағының ауыр екендігін сезініп, өзінің ғана емес, мұқым мемлекеттің абыройын ойлап жұмыс жасауы тиіс.
Ерлан БАЗАРБАЙ,
аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы,
бас қазынашысы.