Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


15 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына, Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Н.Әмір, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламасы және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Төлегенов, аудандық ішкі істер бөлімінің аға полиция инспекторы А.Мадиев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ж.Отарбаева қатысты.
Комиссия отырысында, Қызылорда облыстық білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша бөлімінің ұсыныс хатына сәйкес №47 мектептің кәмелеттік жасқа толмаған 5 баланың ата-анасының жауапкершілігі жайы қаралды.
Одан кейін комиссия отырысында Қызылорда облыстық білім басқармасының "Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Т.Оразбектің 2021 жылдың №179 хатына сәйкес "қызмет көрсету және телекоммуникациялық құралдары мен тұрмыстық техникаларды жөндеу мамандығы бойынша 1 курс студенті Ж.Болатқызының ата-анасының жауапкершілігі жөніндегі мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылдау үшін мүдделі мекемелерге жолданды.
Комиссия отырысындағы үшінші мәселе жалпы білім беретін кешкі мектептің 8 сынып оқушысы мен №252 "Г.Н.Ковтунов" атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысына қатысты ата-анасының өтініштері негізінде балалардың тәрбиесі бойынша мәселе назарға алынып, аталған сұрақ бойынша тиісті аудандық полиция бөлімінің кәмілетке толмағандар жөніндегі мамандары, мектеп әкімшілігінің басшылығына тиісті шара қабылдау жөнінде ұсыныс берілді.
Комиссия соңында, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Шиелі ауданының әкімдігі
16 маусым 2021 ж. 752 0