Тапшылықтың себебі тоқтағұлда...
Мамырдың 12 жұлдызында ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М.Әшірбеков пен «Шиелісушар» өндірістік уческе басшысы Д.Әубәкіров аудан әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өткізді.
Онда ауыл шаруашылық салалары жөнінде бүгінгі күнге дейін атқарылған шаруалар мен сандар дерегі және биыл су тапшылығы болатыны айтылды. Атап айтсақ, 2020 жылы таза егіске 530,40 млн метр куб су берілсе, биыл 440 млн метр куб су бөлінеді деп күтілуде. Былтырғыға қарағанда 16 процентке аз.
– Су тапшылығының аз болуы Тоқтағұл су қоймасының биылғы жылы 8,20 млрд метр куб қана жинауы себеп. Су тапшылығына байланысты биыл 104 шаруа қожалығымен келісім жасалып, қазіргі таңда күріштің 5 267 гектары егіліп, 4 790 гектары суға бастырылды, – дейді Д.Әубәкіров. Сондай-ақ, биік жерге егін екпеу, сусорғыш қондырғысын дайындау және кезектесіп су алу режимін қалыптастыру маңызды екені айтылды. Мұнымен қоса, жоспарға сәйкес егістік алқаптарына бағытталған каналдарға жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Ақбота Баянбай