Вакцина салдыруға сұраныс артып келеді
Әлемдегі ахуалды саралайтын болсақ, жер-жаһанның 150 миллионнан аса адамы вирус жұқтырса, оның 3 миллионнан астамы көз жұмды. Израиль вакциналауды толық аяқтап, енді 12 жастан асқан жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы екпені еге бастады. АҚШ-та бір күнде 1 миллионнан аса адам екпе ектіруге кезекте тұр. Еуропалық Одақтың мүшесі Германия, Франция және т.б жаппай вакциналауды қолға алды. Әлемнің озық елдері вакциналауға неге асығуда? Вакцинаның қандай әсерлері бар? Осы сынды сауалдардың жауабын білу үшін ауданның бас дәрігері Нұрлан Әмірмен сұқбаттасқан едік.
– Аудан халқының амандығы үшін жұқпалы дертке қарсы вакцинаны алғашқы болып өзіңізге ектірген едіңіз. Бұл әрине, халықтың көкейіне сенім ұялатты. Екпенің адам денсаулығына кері әсері бар ма? Ауданда қанша адам екпе алды?
– Жасыратыны жоқ, бастапқыда вакцинаға үрки қарадық. Бұл табиғи құбылыс. Алайда, вакцина тәжтажалдың құрығынан құтылатын жалғыз жол екені баршамызға мәлім. Ал, әлеуметтік желілерде тараған сан түрлі пікірлер теріс пиғылды адамдардың іс-әрекеті болуы да бек мүмкін. Себебі, екпе салдыру басталғалы бері ауданда 3700-ден астам адам вакцина алды. Ең алғашқы 210 доза медицина қызметкерлері мен еріктілерге егілді. Одан кейін 500 доза мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органының қызметкерлеріне салынды. Сондай-ақ, мұғалімдер мен ауылдық округ әкімі аппараты ұжымы, дербес бөлімдер және «Өскен өңір» редакция ұжымы мен өзге де сала мамандары ұжымдық иммунитетін қалыптастыру үшін 3000 доза екпені алды. Оның ішінде кері әсері байқалып, ауруханаға келген адам болған жоқ. Дегенмен, кез келген вакцинаның өзіндік әсері болады. Мәселен, дененің қызуы, ауырсынуы, екпе салған жердің қызаруы сынды белгілері болады. Одан еш қорқудың қажеті жоқ. Тек дәрігерлердің кеңесіне құлақ түріп, қажетті ем-домды қолданса болғаны.
– Расында, бір жылда Жер шарының 2 млн халқын жалмаған дертке қарсы дәрі де «шешекке» қарсы ем табылмағаны сияқты болмайтын түрі бар. Сондықтан, оны да тек иммундау арқылы тоқтату мүмкін. Вакцинация жайында халықты жан-жақты ақпараттандыру енді басталып жатқандықтан, екпе жайлы ел ішінде түрлі «аңыз» көп. Әрине, сондықтан көкейде оған деген сенімнен гөрі күмән басым. Жалпы, вакцина неге керек?
– Вакциналау – инфекциялық аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Қазір дифтерия, сіреспе, көкжөтел, тұмау және қызылша сияқты аурудан қорғайтын вакцина бар. Жалпы алғанда, бұл вакциналар жыл сайын 3 миллиондай адамның өмірін әртүрлі дерттен қорғайды. Кейбір адамдарға, мысалы ауыр науқастарға белгілі бір вакцина алуға болмайды, сондықтан олар ауру таратпау үшін басқа адамдардың вакциналауына тәуелді. Бұл күндері COVID-19 пандемиясы кезінде вакциналау өте маңызды болып отыр.

Вакцина алудың екі негізгі себебі: өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі. Мысалы, жыл сайын штамын өзгертіп отыратын грипп, яғни тұмау ауруының тұрғындар арасында жеңіл өтуін қамтамасыз ету мақсатында күзде оған қарсы иммунизация жүргізіледі. Соның нәтижесінде, тұмау ел арасында асқынбай, жеңіл-желпі өтуде. Егер мұндай шара өткізілмесе, өткен ғасырда 50 миллион адамның өмірін жалмаған «испан тұмауы» сияқты, миллиондаған адам өміріне қауіп төнер еді. Бүгінде ковид инфекциясы әлемді шарлап кетті. Миллиондаған адам КВИ-ден көз жұмып жатыр. Ғалымдар аурудың шығу тегін зерттеп, дертке қарсы ем-дом іздеп әлек. Оны жоюдың бір жолы – оған қарсы вакцина егу жұмысын жүргізу. «Вакцина неге керек?» деген сұраққа жауап осындай.
– ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған әрбір азамат электрондық паспорт алады деген болатын. Электронды төлқұжат не үшін керек?
– Бұл вакцинация арасына 21 күн сала отырып 2 кезеңде салынатындығына байланысты қажет болып отыр, яғни екпе алған азаматтар есебін жүргізуге керек. Электронды екпе төлқұжатында азаматтардың қандай екпені қай күні, қанша дозада алғаны және екпелердің ағзаға әсері туралы деректер болады.

Вирусқа қарсы вакцинаны салдырған бойда электронды төлқұжат eGov mobile қосымшасында дайын тұрады. Сол арқылы әр адам екпенің екінші дозасын қашан алатыны бақыланып отырады.
– Аудандағы коронавирус індетінің алғашқы ошағы Ш.Қодаманов ауылдық округі болды. Аталған ауыл халқы вакциналауға белсенділік танытып жатыр ма? Жаппай вакциналау жұмысы қалай жүруде?
– Бүгінгі таңда, ауданда вакцинация жүргізу жұмыстарына байланысты аудандық емханада 3 арнайы бөлме, 4 мобильді топ, 10 дәрігер, 40 мейіргер бөлініп, жұмыс істеуде. Қазір ауданда 1-дозадан 1000 дана, 2-дозадан 1500 дана вакцина бар. Ауданға қарасты 22 ауылдық округте жылжымалы екпе жұмыстары жүргізілді. Ал, Қодаманов ауылдық округінде 80 адам ерікті түрде вакцина алды. Белсенділік танытып, ерікті түрде қайтадан вакцина салдыруға сұранып жатқан Қарғалы ауылының халқын атап өтуге болады. Жылжымалы екпе салдыру барысында 70 адамға екпе еккен болатынбыз. Алайда, ауыл тұрғындары тағы да өтініш білдіріп жатыр. Бұл әрине, халық арасында вакцинаның қажеттілігі мен маңызы айшықтала бастағанын көрсетеді.

– «Вакцина әйелдердің құрсақ көтеруін қиындатады» деген алып қашпа әңгіменің ел ішінде тарап кеткенінен хабардармыз. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?
– Жүкті әйелдерге вакцина салғызуға болмайды. Ал, вакцина салдырғаннан кейін жүкті болса, ана мен балаға айтарлықтай қауіп төндірмейді. Өйткені, ананың бойындағы антиденелер балаға беріледі. Вакцина салдырғаннан кейін қанша уақыттан кейін жүктілікті жоспарлауға болатыны туралы ешқандай дерек жоқ. Иммунитет қалыптасқаннан кейін, бала көтеруге болады.

– Тағы кімдерге екпе салдыруға болмайды?
–Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығына сай 18 жасқа толмаған балаларға және 65 жастан асқан қарттарға салынбауы тиіс. Бұған қоса, ауыр аллергиясы барларға, бүйрек пен бауырдың созылмалы ауруларына шалдыққандарға, қант диабеті барларға, эпилепсияға шалдыққандарға, қатерлі ісікпен ауыратындарға, инсульт алғандарға, жүрек-қан тамыр ауруына шалдыққандарға, иммунтапшылығына шалдыққандарға, астмамен ауыратындарға, өкпесі ауыратындарға екпе салынбайды.

–Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ