Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Чернобыль» апатына – 35 жыл

«Чернобыль» апатына – 35 жыл


Адамзатқа орны толмас зор қасірет әкелген әлемдегі ең ірі ядролық техногендік Чернобыль апатына биыл 35 жыл толды. 
Апаттың салдарынан 5 миллионнан астам халық зардап шекті. Оны залалсыздандыруға 600 мыңға жуық адам қатысты. Химиялық қорғау полкі құрамында 32 мың қазақстандық болды. Қызылорда облысынан апаттың зардабын жоюға 1000-ға жуық азамат қатысса, оның 80-і Шиелі ауданынан барған азаматтар еді. Қазір сырбойлылық 1000-ға жуық ардагердің 300-дейі ғана ортамызда. Осыған орай, атаулы күні Тағзым алаңында аудан әкімінің орынбасары А.Есмахановтың қатысуымен Чернобыль құрбандарын еске алу шарасы өтті. Шара Чернобыль апатынан қайтыс болған азаматтарды бір минуттық еске алу үнсіздігімен басталды және апатта құрбан болған жандардың рухына Құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.
Еске салайық, 1986 жылдың 26 сәуірінде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4-ші энергоблогында апат болды. Апат салдарынан радиоактивті заттар, оның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, оннан аса мемлекеттің жерін ластап, миллиондаған халық зардап шекті. Станцияға жақын жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. Бүгінде осы айтулы оқиғаға 35 жыл толып отыр.

А.Мұратқызы
26 сәуір 2021 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930