Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Чернобыль апаты туралы сериал премьерасы болады

Чернобыль апаты туралы сериал премьерасы болады


Атақты HBO телеканалы “Чернобыль” аталатын мини-сериал түсірді. Жобаның сценарисі мен атқарушы продюсері Крэйг Мазин жұмыста тек шынайы өмірде орын алған оқиғалар туралы деректер мен мәліметтер ғана пайдаланылғанын айтты. Премьера осы мамыр айына жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында 1986 жылы сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды деп мәлімдеген еді. Бұл апат салдарын жоюға Қазақстаннан 35 мың адам тартылса, жалпы КСРО-дан 500 мыңға жуық адам шақырылған.  АЭС апаттары 7 деңгеймен белгіленген INES шкаласымен өлшенеді. 4 және одан жоғары болған апаттар халық үшін сәулелену қаупін тудырады. Тарихта 2 апат қана 7 - деңгейге жеткен. Олар – Чернобыль мен Фукусимадағы АЭС апаттары.

Massaget.kz
08 мамыр 2019 ж. 1 037 0