Ұлттық қасіреттен ұлттық мақтанышқа
Қазіргі таңда әлемде «Ядролық қарусыз» идеясы жиі көтеріледі. Жер планетасын мекендеген елдердің басшылары бұл тарапта бірлікке келіп, бейбіт өмір үшін соғыс пен қиратуға тоқтам салып, ынтымақтастыққа үндейді. Елбасы Н.Назарбаевтың күллі жаһан жұртына Семейдегі ажал оты – полигонды біржолата тұншықтырып, жапқаны тарихи маңызды оқиға.Ядролық сынақ барысында қаншама адамның өмірі қиылып, мыңдаған адам мүгедек болды. Әйтсе де, жаны жайсаң, жүрегі жомарт қазақ халқы елдігі мен бірлігінің арқасында бір жұдырық болып жұмылып, бұл қиындықты да жеңе білді. Чернобыль апатын жоюға және Семей атом сынақ полигонында ядролық сынаққа тікелей қатысқан ардагерлер кездесіп, пікір алмасу үшін «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында бас қосты.
Чернобыль апаты және Семей атом сынақ полигонында ядролық сынаққа тікелей қатысқан ардагерлерді марапаттауға арналған «Ұлттық қасіреттен–ұлттық мақтанышқа» тақырыбында шара өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов қиын күндері өзінің азаматтық парызына адал, отансүйгіш қасиеттерімен дараланған ардагерлерді ауданның 90 жылдығына арналған төсбелгімен марапаттады.
Жойқын ерлік пен жасампаз келешек жолында аянбай тер төккен ел перзенттері әрқашан ұрпақ жадында ұмытылмақ емес. Бүгінгі таңда өңірде Чернобыль апатын жоюға қатысқан 37 азамат еңбек етіп, арамызда жүр.
Өркендеу, даму, жасампаздық арқылы еліміз әр жыл өткен сайын нық сеніммен қадам басып келеді. Елбасының қазіргі күнгі халықаралық тұрғыдағы іс-қимылдарының негізгі бағыты ядролық қару апатынан құтқару жолдарына арналып отыр. Осы мақсатты жүзеге асырудағы жұмыстары ұсыныстары, шақырулары нақты жоспарына айналып, барынша қолдау табуда.
Осылайша, тұңғыш Президент күні қарсаңында болған жиын, олардың ерен еңбектеріне алғыс айтумен өтті.
Ж.Ноғайбайқызы.