Тарихтан тағылым, өткенге тағзым
Кеңес Одағы тұсында, оның құрамында болған көптеген халықтың ең зиялы деген қауымы, сондай ақ, мәдениет, әдебиет, саясат саласындағы интелегенция өкілдері жазықсыз ату жазасына кесілгені былай тұрсын, солақай саясат салдарынан 40 млн нан аса адам, қолдан жасалған ашаршылықтан жаппай қырылды.
Бір ғана адам жанының үзілгені, сол уақытта көп елдер үшін қазалы қасірет болды. Елім деп етігімен су кешіп, кеудесімен оқ тосқан арда азаматтарымыздың талайсыз тағдыры, қазақ ұлтының орны толмас қайғысына айналды.
Біз, ел мен жердің шынайы жанашырларынан сол уақытта айырылып қалдық. Адам етін жеуге дейін барған зұлматты қасірет, бүгінгі тоқшылығымыз бен ысырапшылдығымызға үлкен сабақ болары сөзсіз.
Осындай ұлт үшін жанын қиған абзал азаматтар мен сол уақыттағы ашаршылықтан қырылған жазықсыз жандарды еске алу мақсатында, бүгін "Арман" мәдениет үйінде "Тарихтан тағылым, өткенге тағзым" атты тарихи танымдық рухани еске алу кеші болып өтті. Оған Шиелі кентіне қарасты мектеп оқушылары қамтылып, шараға арнайы келген Шиелі кенті әкімі орынбасары Б. Баймағамбетов, тарихшы ұстаз, Білім беру ісінің құрметті азаматы Ф. Қасқабасова, Жақаев ауылдық мешітінің имамы О. Мысырханұлының, атаулы күн жөнінде тарих тінін қозғаған, келелі ой орамдары тыңдалды. Сондай ақ, мектеп оқушыларының көкей тесті сұрақтарына жауап берілді.
Шара соңында, зұлматты жылдардың құрбандарының рухына құран бағышталды!