Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке қарсаңындағы марапат

Мереке қарсаңындағы марапат

Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егемен ел болған күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл міне, 29 жыл толды. Осы айтулы мерекеге орай облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сыр өңірінің өркен жаюына үлес қосып жүрген азаматтарды, қоғамдық шараға белсене қатысып жүрген жастарды марапаттады. Олардың қатарында 80 жылдық тарихы бар «Өскен өңір» газетінің тілшісі Маржан Құрманғалиева мен баспасөз маманы Абылай Сақтағанов та бар. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан ерекше үлестері үшін өз алғысын айтқан облыс әкімі ел игілігі жолында жасап жатқан еңбектеріне табыс, отбасыларына бақ-береке тілейді.

«Өскен өңір» ақпарат
15 желтоқсан 2020 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728