Қаламгерге құрмет
Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Қазыбек Ботаевты қабылдап, 63 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.
-Қазбек Камалұлы өзіңіз білім-біліктілігіңізбен, парасат-пайымыңызды, іскерлік қажыр-қайратыңызды орыс тіліндегі облыстық басылымның дамуына жұмсап келесіз. Бүгінде «Кызылординские вести» газеті талай қарымды журналистерді тәрбиелеп, шыңдауда. Сондықтан ақпарат айдынында газеттің тарихи орны бар. Осындай ғасырға жуық тарихы бар аға басылымда жүріп билік пен халықтың арасында алтын көпір болып келесіз. Сондай-ақ, әр жылдары Сыр өңірінің бұқаралық ақпарат құралдарында радио, телеарналарда қызмет атқарып, аймақтың ақпарат саласының дамуына ерекше үлес қостыңыз. Өткен жылдан бастап облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарудасыз. Сіздің ақпарат саласындағы еңбегіңіз лайықты бағаланып, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғысымен, Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасымен және әр түрлі дәрежедегі марапаттарды иелендіңіз. Сізді облыс тұрғындары атынан мерейтойыңызбен құттықтай отырып, алғысымды білдіремін. Деніңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Мұнан соң өңір басшысы мерейтой иесіне аймақтың ақпарат саласына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, иығына шапан жапты.
Шара барысында әріптесі облыстық «QYZYLORDA» телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала сөз алып, қаламгердің аймақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін тілге тиек етті.
-Қазыбек Камалұлы 25 жылдан астам БАҚ саласында қызмет етіп, облыстың ақпарат кеңістігінде өз орнын қалыптастырды. Білгенін жастарға үйретіп, қанашама жас журналистің тұлға болып танылуына ықпал етті. Радио, телеарна және газетте тілші болып қызмет жасап, кейін аға тілші, аға редактор, газет редакторы қызметіне дейін көтерілді. Қазақ және орыс тілдерінде жетік жазып, сауатты сөйлей алатын аз журналистердің бірі болды. Сондықтың бұл кісінің тәлімі мен тәжірибесін біз алдағы уақытта да кәдеге жаратып, жас мамандарды дайындауда қолданатын боламыз, –деді ол.
Сондай-ақ, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев басылым беделін көтеріп, оқырман қатарын арттыруда әріптесінің сіңірген еңбегінің өлшеусіз екендігін жеткізді.
Өз кезегінде Қазбек Ботаев көрсетілген құрметке алғысын білдірді.
Мейрамгүл Дауылбайқызы