Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МИНИСТРДІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ТАБЫС ЕТТІ

МИНИСТРДІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ТАБЫС ЕТТІ

Бүгін «Сыр медиа» ЖШС-ға қарасты облыстық «Қызылорда ньюс» интернет газетінің бас редакторы Дәуіржан Елубаевқа білім саласының жаңалықтарын интернет басылымда үзбей жариялап, насихаттағаны үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан еліміздің байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен арнайы «Құттықтау хаты» келді.
Астанадан жеткен министрдің құттықтауын облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ерлан Қарабалаев жеткізді.
Ерлан Жағыпарұлы өз сөзінде атқарушы билік органдарының жұмысы туралы қалың оқырманға жедел және дәлелді ақпарат жеткізуші БАҚ өкілдерінің қоғамдағы еңбегінің ерекше екендігін атап өтті. Аймағымыздағы ақпарат құралдары арасында «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты мерзімдік және электронды баспа қызметінің маңызы айрықша екенін жеткізді.
Білім саласының жаңалықтарын республика жұртшылығына дер кезінде жеткізіп, саланың белелінің артуына үлес қосқаны үшін «Қызылорда-ньюс» инетернет баслымы ұжымына шынайы алғысын білдірді.
– Білім және ғылым министрінің құттықтауын бүкіл ұжымға көрсетілген құрмет деп есептеймін. Зор жауапкершілікті қажет ететін білім саласының өкілдерінің еңбегіне табыс тілеймін, - деді Дәуіржан Елубаев.
Біз де әріптесімізге тың шығармашылық табыс, сарқылмас жігер тілейміз.   
syr-media news                           
19 шілде 2018 ж. 1 606 0