Ел тірегіне айналған Елбасы
Қазақ елін тәуелсіздік тұғырына қондырып, мемлекеттілігіміздің даму жолын айқындау миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тигені мәлім. Оның шынайы егемендіктің негізін қалауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдықтарын анықтауға бағытталған көпқырлы қызметінің мазмұны мен мәні Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мемлекетіміздің негізін қалаушы, әрі ұлттың нағыз көшбасшысы ретінде мойындау үшін салмақты дәлел.
Құдайға шүкір, бізде қазаққа тән төзімділік, тар жол, тайғақ кешу күндерде басты ұстаным болған шыдамдылық жоғалған жоқ. Сонау шапқыншылық жылдарында атын ауыздықпен суғарып, етікпенен су кешкен батыр бабаларымыз басынан өткерген кезең тоқсаныншы жылдарда да қайталанды десек болады. Өйткені, сол тұста қарапайым халық шыдамдылығымен, төзімділігімен, ертеңге деген сенімімен тіршіліктің өтпелі сынына төтеп, мемлекеттің өркендеуіне қолдау көрсете білді. Осының бәрі ғасырлар бойы теперіш көрген халқымыздың даналығы, көрегенділігі, көнбістігі еді. Сол тұста Елбасы «Сіздерді қысқа уақыттың ішінде үлде мен бүлдеге бөлеймін деп айта алмаймын. Осы күнімізге шыдауымыз керек. Түбінде біз өз жолымызды табамыз» деп елдің еркін дамуына үлкен қолдау керектігін ұдайы айтып отырды. Соны жақсы ұғынған халқымыз береке-бірлікке, ынтымаққа жол ашып, бейбітшіліктің туын биік көтерді. Сол арқылы болашақтың жарқын боларына сенген тұңғыш Президентті дәріптемеу, ардақтамау сөкеттік болар еді. Шындығында тарих қойнауына кеткен 1991 жыл – ата-бабаларымыздың мыңдаған жыл аңсап өткен арманы мен ұрпағына тапсырған аманатының жүзеге асқан жылы. Тәуелсіздіктің ақ таңымен киелі қазақ даласының көгілдір аспанында жарқырап шыққан нұрлы күн, самғап ұшқан қыран құс, желбіреген көкбайрақ Қазақ елінің шаттық қуанышын, алға қойған мұраты мен мақсатын әлемге паш етті.

Қазақ елінің астанасына айналған Нұр-Сұлтан қаласы күн санап көркейіп, әлемдік мәселелерді талқылайтын құтты орынға айналды. Сындарлы жылдарда елмен бірге сыналған Елбасы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан қара көрсету жолында сарабдал саясатын жүргізді.
– Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын әрқашанда қолдаймыз, әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қазақстан Президентінің түркі әлеміндегі беделі өте жоғары, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өткім келеді, – деп баға берген еді Түркия президенті Тайып Ердоған.
Елбасы ұстанған саясат пен оның көшбасшылық қабілеті Қазақстанды әлем бойынша экономикасы тез дамыған елдердің қатарына қосты. Тұңғыш Президенттің жеке үлесі және халықтың қуатты қолдауының арқасында Қазақ елі қарышты дамуда. Егемен елдің ертеңі үшін еңбек еткен Елбасының ел басқару ісін АҚШ президенті Дональд Трамп та ерекше бағалайды. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 30 жылға жуық ел басқаруында Қазақ еліне мол мұра қалдырып, ел еңсесін тіктеуіне көп күш жұмсағанын айрықша атап өткен еді. Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Әбішұлының билік транзитін конституциялық процедураларға сай жүзеге асыру шешіміне қолдау білдірген болатын.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ