Ел біріксе бұл қиындықты да еңсереді
Жер-жаһанды шарпыған пандемияға байланысты бүкіл әлем жұртшылығы алаң күй кешіп, халық саулығы сынға түскен кезде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың отандастарымызды сабырға, бірлікке шақырған мақаласын терең толғаныспен қабылдадым.
Егемендіктің елең-алаң кезінен бері еліміз бірлікті берік қағида ретінде басты бағдар етіп, дүние жүзінің барлық мемлекетімен өзара келісім мен достыққа негізделген дана әрі көреген саясат ұстанып келеді. «Ырыс қайда барасың? Ынтымағы жарасқан елге барамын» деген ұлағатты сөзді басты мақсат етіп алған халқымыз бірліктің, өзара татулықтың арқасында көптеген жетістіктерге жетті. Ал бүгінгідей ел басына күн туған сындарлы шақта «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деп үндеу-мақала жариялаған Елбасы халқының жігерін қайрады. «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт. Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп Жамбыл атамыз жырлағандай бұл жүкті де жұмыла көтеріп шығатынымызға сенемін.
Алып батыры, шешен ақыны, әнші, жырауы бар киелі Шиелі өңірі жаман дертті ауыздықтауға келгенде әлі де болса ауызбіршілік танытуымыз қажет. Үнсіз жаудың құрығы ауданды құрдымға әкетпеуі үшін күні-түні дертпен айқасқан дәрігерлер, тосқауыл-бекеттерін күзеткен полиция қызметкерлері мен еріктілердің еңбегі өлшеусіз. Олар бүгінгі күннің қаһармандары. Сондықтан бәріміз бірігіп, қолдау танытайық. Біз біргеміз! Үйде болыңыздар, аман болыңыздар!
Сөз соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл үндеу-мақаласы қиын күндерде әрбір отандасымыздың көңіліне сенім ұялатқандығын ерекше атап өткім келеді. Ол сенім болашаққа деген үкілі үміттің одан әрмен оянуына ықпалын тигізді деп ойлаймын. Ұлтымызда «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген аталы сөз бар. Бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде халқымыздың ынтымақ пен ауызбіршілік танытқаны дұрыс деп бағамдаймыз.
Омархан Кемелов
Шиелі ауданының
«Құрметті азаматы»