Ұлт саулығы сынға түскен сәт

Еліміздің бейбіт те берекелі күнделікті тыныс-тіршілігі, міне, біраз уақыт болды, күрт өзгеріске түсті. Қауіпті індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтардан өзгеміз оқшаулаумен күн кешуде, алыстан жұмыс жасаудамыз. Бұл күндер, меніңше, барлығымызға оңай емес және тыныш өмірдің, еркіндіктің қадірін, тіпті кешке қарай далаға серуенге шығу, туысыңмен, дос-әріптестеріңмен кездесіп, мәслихат құрудың қандай бақыт екенін сезіндіре түсті. Ойымның соңында бұл мақала халқымызды сабырға шақыратын, елдігімізді сақтауда бас қосу керектігін баса айтқан, ұнжырғамызды түсірмей, еңсемізді көтеріп, қазақтың басынан өтетін бұл да бір кезең екенін айтқан салиқалы еңбек дегім келеді.
Патима МАХАНБЕТ,
«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық
филиалы төрағасының орынбасары