Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл – ел бесігі» экспедициясы Шиеліде

«Ауыл – ел бесігі» экспедициясы Шиеліде

Бұрнағы күні «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас директоры, «Ел ана» қоғамдық-әлеуметтік, танымдық-ақпараттық сайтының жетекшісі Сәуле Мешітбайқызы өңірімізге келіп, аудан әкімінің қабылдауында болды.
«Nur Otan» партиясы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе С.Мешітбайқызы қолға алған «Ауыл – ел бесігі» экспедициясы Батыс Қазақстан облысынан бастау алған болатын. Әлемді жайлаған пандемияға байланысты онлайн форматта бастау алған экспедицияның келесі бағыты Қызылорда облысы Шиелі ауданына түскен еді. Ел мен жерді аралап, ауылдағы ахуалды саралаған С.Мешітбайқызы аудан әкімі Қ.Мүбараковпен тілдесіп, өңірімізде атқарылып жатқан істердің барысымен танысты.

«Өскен өңір» ақпарат
10 қараша 2020 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031