Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстағы зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау

Өткен аптада №244 Ы.Жақаев атындағы қазақ орта мектебінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты акция өтті. Маусым айының 15-18 күндері аралығында ұйымдастырылған шараның алғашқы аудиториясы аталған мектептегі нәзік жандылар болды. Отбасындағы кикілжіңді болдырмау, жанжалдың алдын-алу сынды мамандар кеңесін ұсынған шара түрлі аудиторияда ұйымдастырылатын болады.
Аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ғалия Пірманова «Аталған акцияның мақсаты ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту және халықты атқарылып жатқан жұмыстың барысымен таныстыру» деп түсіндірді. Құқықтық сауаттылық пен тұрмыстағы жанжалдың салдарынан жапа шеккен әйелдердің арнайы орталыққа келіп, ақыл-кеңес алуларына болатындығын жеткізген аудандық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Ақжарқын Жұмақанқызы тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің барын да жасырмады. Ал ауданаралық аурухананың психологы Ұлтай Жүнісова «Біз қанша жерден әйелдерге қатысты отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмаймыз дегенімізбен, ол бәрібір орын алуда. Түрлі дәрежедегі қысымшылықты біз жылма-жыл еңбек тәжірибемізде кесдестірудеміз. Сондықтан «Ауруын жасырған өледі» дегенді естен шығармайық. Қиындықты бірлесіп шешуге тырысайық» деп әйелдер қауымын мазалаған мәселелерді түртіп алды.
Расында, қоғамның өзекті мәселесіне айналған бұл тақырыптың дауасы әзірге табылмай тұр. Отбасындағы араздықтан жетімдер мен қыңыр мінезді қиын балалар өсіп келеді. Сондықтан шаңырақтың бірлігін сақтауға ер мен әйел атсалысса деген ниеттеміз.

Г.ДҮЙСЕБАЙ
23 маусым 2020 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031