Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨРКІ ҚАШҚАН КӨШЕЛЕР

КӨРКІ ҚАШҚАН КӨШЕЛЕР

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері Шиелінің қоқыссыз көшелерін көрмек түгілі, елестетуден де қалдық. Қайда барсаң да тамақтың қалдықтары, үйілген жарамсыз дүниелер... Иісі қолқаны жарады. Қыстыгүні ештеңе емес ау, қазіргідей аптап ыстықта лас жерге шыбын-шіркей де үйір болады.

Мәселен, суретте көр­сетілген Әл-Фараби көшесінің бойындағы үйілген қоқыстың жат­қан­ына бір жетідей уақыт болды. Қайта үсті-үстіне қосылмаса, тазалап жатқан бір жанды көрмедік. Екінші суретте кенттің орталығындағы – Абай көшесі. Бұл маң да үнемі қоқыстан арылмайтынын байқаймыз. Әрине, қалдықты сырттан біреу келіп не әкімдіктің қызметкерлері тастап кет­пейді. Барлығы өзіміздің, сол маңдағы тұрғындардың жауапсыздығының кесірі болса керек. Десе де, кез келген нәрсенің орайын тауып, жұмысты жүйелендіруге болады ғой. Бәрібір тұрғындар көшеге қоқысын тастауды тоқтатпайды деп тазаламай қойсақ не болғаны?
Мәселен, жергілікті әкімдік пен тазалыққа жауапты мекемелер, полиция қызметкерлері бірлесіп бірнеше күн қатарынан рейд жүргізсе, қоқыс тастағандарға хаттама толтырып, айыппұл салса болмас па? Ақыры жергілікті тұрғындар жауапкершіліктен қашады екен, айыппұлдан құтыла алмас. Сонда адамдар үйінен шыққан қалдықты жөнсіз жерге тастауын азайтар деген ой ғой біздікі.

Гүлхан ЯХИЯ,
Бақытжан БӘЙІМБЕТ (фото)
06 маусым 2020 ж. 1 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031