Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шұғыл: БҰҰ COVID-19-дың жаңа қауіптері туралы ескертеді

Шұғыл: БҰҰ COVID-19-дың жаңа қауіптері туралы ескертеді


COVID-19 пандемиясы қоғамдағы толқулар мен зорлық-зомбылықты тудырады, сонымен бірге лаңкестерді биологиялық қарумен шабуыл жасауға итермелеуі мүмкін. Бұл туралы қауіпсіздік кеңесінің отырысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш айтты, деп хабарлайды 
Stan.kz.
Коронавирус пандемиясы, БҰҰ бас хатшысының пікірінше, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл қоғамдағы толқулардың пайда болуына себеп болады, белгісіздік тудырады және радикалды топтарды зорлық-зомбылық пен толқуларға итермелеуі мүмкін.
«Кең таралған зорлық-зомбылықтың өршуіне және өсуіне дайын болу керек. Бұл жергілікті және жаһандық соғыстарды ушықтырады, сондай-ақ пандемиямен күрестегі жағдайды қиындатады», – деді БҰҰ басшысы.
Сондай-ақ, бас хатшының айтуынша, коронавирустың таралу қаупі аясында лаңкестердің белсенді болу қаупі артып келеді.
«Көптеген үкіметтердің күш-жігері пандемияға тап болған кезде террористік топтар соққы бере бастауы әбден мүмкін», – деді Бас хатшы.
Сонымен қатар, Антонио Гутерриштің айтуынша, COVID-19 пандемиясы осындай вирустармен күресте мемлекеттердің «әлсіз жақтарын» ашты. Ол барлығына террористік шабуылдан кейін биологиялық қаруды қолдану арқылы оқиғалардың қалай дамитынын көрсетті.
«Террористік топтар адам өлімінің жаңа толқынын бастау үшін қауіпті вирустық штаммдарға қол жеткізуге тырысуы мүмкін», – деп ескертті Гутерриш.
БҰҰ басшысы қауіпсіздік кеңесіне онлайн-отырысқа қатысқаны үшін алғысын білдіріп, «бұл аласапыран және дағдарыс уақытында» қайсарлық пен бірліктің қажет екендігіне назар аударды.
11 сәуір 2020 ж. 935 0