Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпті елдер

Әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпті елдер


Әйелдердің ер адамдар секілді кез-келген жерде емін-еркін жүре алмайтыны баршамызға белгілі. Алайда, өркениетті заманда әйелдер мен еркектердің құқығы тең болуы керек. Көп мемлекет нәзік жандылар қауіпсіз, қолайлы болып жатса, кейбір елдер оларға өте қауіпті. Мысалы, әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпті елдің тізімінде Үндістан көш бастап тұр.

Бұл туралы Reuters агенттігі Thomson Reuters қорының рейтингісіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.
Үндістан бірнеше себептерге байланысты әлемдегі ең қауіпті ел деп танылды. Елде сексуалдық зорлық-зомбылық пен қудалау, адам саудасы, соның ішінде мәжбүрлі еңбек, жыныстық және тұрмыстық құлдық белең алған.
Сондай-ақ, қауіп жағынан Ауғанстан бұл тізімде екінші орында тұр. Сарапшылардың пікірінше, талибан құлағаннан кейін 17 жыл өткен соң әйелдер елеулі қиындықтарға тап бола бастады. Ауғанстан сексуалды емес зорлық-зомбылық, денсаулық сақтауға және экономикалық ресурстарға қолжетімділік жағынан әйелдер үшін қауіпті.
Ал, Сирия туралы айтпасақ та белгілі. Елде 7 жыл азаматтық соғыс болғаннан кейін, бірінші кезекте әйелдер үшін қауіпті саналады. Онда жыныстық емес зорлық-зомбылық қаупі жоғары, соның ішінде жанжалға және отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты.
Төртінші орында Сомали. Бұл денсаулық сақтауға қолжетімділік бойынша әйелдер үшін үшінші ең қауіпті ел. Сомалидің мәдени дәстүрлері әйелдерге қатал қарауға жол береді. Сондай-ақ, мұнда әйелдердің экономикалық ресурстарға қол жетімділігі күрделене түскен.
Бесінші тізімде Сауд Арабиясы. Патшалықта әйелдер экономикалық ресурстарға қиындықпен қол жеткізеді, оған қоса елде әйелдерді кемсітушілік жоғары. Мұнда әйелдер діни және мәдени дәстүрлерге байланысты қиындыққа тап болып жатады. Бұдан кейін әйелдер үшін қауіпті ел тізімін Пәкістан, Конго, Йемен, Нигерия және АҚШ жалғастырады. Америка Құрама Штаттары әйелдер зорлық-зомбылыққа көп ұшырайтын ел ретінде ерекшеленеді.
Stan.kz
27 маусым 2018 ж. 1 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9188)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (9187)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (9186)

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031