Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Нұр Отан» болашақтың бастауы

«Нұр Отан» болашақтың бастауы

1 наурыз «Нұр отан» партиясының құрылған күні. «Нұр Отан» партиясы елмен етене қарым-қатынас орнатып, Елбасы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстанның әлемдік деңгейде дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан
саяси ұйым. Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 19 жыл болады. Осы уақыт ішінде партия шынығып, шыңдалып, еліміздегі ең үлкен саяси күшке айналғаны белгілі. Құрылған күннен
бастап барлық елдік істердің басы-қасынан табылып келеді. Халқымыздың береке-бірлігінің артуына еліміздің саяси тұрақтылығын нығайтып, экономикалық реформаларды табысты іске асыру үшін атсалысып келе жатыр. Бүгінде халықпен тікелей жұмыс істеп, кезек күттірмей, шешілуі тиіс мәселелерді үнемі назарда ұстайтын елдік партия атанды.
2017 жылы Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялаған болатын. Ал, осы жаңғыру жолында «Нұр Отан» партиясы әлеуметпен тығыз байланыс орнатып отыр. Партия – біртұтас саяси ерік-жігердің генераторы, қазақстандықтардың жолындағы кез келген бұрылыстардан алып шығар жол бастаушы ретінде танылды. «Нұр Отан» сан түрлі адамдардың басын біріктіруде. Іс жүзінде, партия бүкіл қоғамымыздың айнасы іспетті. Мемлекет басшысы елдегі ахуалдың тұрақтануына, Қазақстанның дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына «Нұр Отан» партиясының үлесі зор екенін үнемі тілге тиек етіп отырады.
Сондықтан, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырна­масын, «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­­си бағыты» Жолдауын негізге алып, жауапкершілік пен міндеттер тұрғысына тоқталуының маңызы зор. Болашаққа бағдар жасап, алдына айқын мақсаттар қоя білетін «Нұр Отан» партиясының Шиелі ауданындағы филиалы да халыққа қызмет көрсетуге, әлеуметтің жағдайын ескеріп, қиыншылықты еңсеруіне көп көмегі тиіп келеді. «Филиал бойынша өткен жылы 239 түрлі шаралар, бастауыш партия ұйымдардың қатысуымен өткізілген болатын. Нақтырақ айтар болсақ, «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасы аясында 56, «Сәтті қадам» жобасы бойынша 17, «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы бойынша 22, «Жастар Отанға» жобасы аясында 21, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша 32, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша 43, «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасымен 48 шара ұйымдастырылды» – деді «Нұр Отан» партиясының Шиелі ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет.
Партия қашан да халық үшін қызмет жасайды. Мәселен, «Қырмызы», «ПМПК», «Аудандық аурухана», «Мәдениет үйі» «Мейірім» бастауыш партия ұйымдарында шаралар өтіп, нәтижесінде мүгедектерге мамандардың, кәсіби психологтардың кеңестері берілді. Аудан әкімдігі тарапынан «Үміт» мүгедектер қоғамдық қорына тегін, коммуналдық қызметтер төлемінсіз ғимарат ұсынылған болатын. Сондай-ақ, «СЭСО» БПҰ жанындағы №46 мектеп-лицейінде «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбындағы бірыңғай ата-аналар конференциясы өтті. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығы, психологиялық көмек көрсетуі жыл сайын назарда болады. Жал­пы, жоба аясында 3 мәслихат депу­тат­тары, 3 МЕҰ өкілдері, 1000-ға жу­ық тұрғын қатысып, оң бағасын беріп келеді. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша шараларға 9000-ға жуық тұрғын, 12 мәс­лихат депутаттары, 18 БПҰ, 7 ҮЕҰ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» жобасы аясында аудандық партия филиа­лында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен даму институттарының азаматтарды, шағын және орта бизнес өкілдерін қабылдап, бизнес-кеңестер берілгені «Нұр Отан» партиясының үздіксіз жұмысының айғағы.
Қоғамның түйткілді мәселелерін шешуде «Нұр Отан» партиясы көшбасшыға айналған бірден-бір саяси ұйым. Бұл туралы ел Президенті Н.Назарбаев: «XXІ ғасырда мемлекет пен саяси көшбасшылықтың рөлі бұрынғыдан да салмақты бола түсті. Сондықтан, Қазақстанды нығайтудағы ерекше миссия «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына тиесілі. Бүгінде «Нұр Отан» Еуропа мен Азиядағы жетекші елдердің ірі партияларының жолымен дамып келеді. «Нұр Отан» партиясы – бұл шешімдерді іске асыруға қабілетті, күшті саяси ерік-жігердің қуатты көзі, елді дамытудың ірілендіруші секторы» – деп атап өткен болатын. Ұлт болашағы үшін үздіксіз жұмыс жасайтын партияның Елбасы Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіруге де көп күш салатынын білеміз. Партияның ел бірлігін сақтап, халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін жақсарту жолындағы еселі жұмыстарының жемісі жаһандану дәуіріне қадам басуға сеп болары анық.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.
27 ақпан 2018 ж. 1 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930