Үздік дәрігер
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда. Аудан халқын ауруынан айықтырып, сөзімен де, ісімен де талай жанға шипа беріп жүрген Несібелі Айтбаева еңбек жолын 1988 жылы Шиелі аудандық ауруханасында аймақтық терапевт-дәрігер болып бастайды. Ал 1999 жылы «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясына жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығына ауысады. Аудан тұрғындарының дертіне дауа сыйлап, қаншама жанның алғысын арқалаған Несібелі бүгінгі таңда Шиелі ауданаралық ауруханасының ДКК-төрайымы болып адал қызмет атқарып келеді. Медицина саласында 22 жылдан бері жемісті жұмыс істеп келе жатқан дәрігер 2009 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен «Үздік аймақ дәрігері» алғыс хатымен марапатталса, доңыз жылында «Үздік дәрігер – 2019» номинациясының иегері атанды.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ