Жас зерттеушілер жетістігі
Жуырда Қазақстан бойынша білім беру ұйымдарының арасында оқушылардың интелектуалдық және шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында «Дарынды жастың рухани келбеті» атты екінші республикалық үздік ғылыми жоба байқауы өтті.
Шымкент қаласында өткен сайысқа Ш.Қодаманов ауылындағы №158 мектептің бір топ оқушылары жетекшілері Алтынай Тұрмантаевамен бірге қатысқан болатын. Нәтижесінде ғылыми жобалары қазылар тарапынан жоғары бағаға ие болып, жас зерттеушілер марапатқа бөленіп қайтты.
Зерттеу жұмысының мәні мен мазмұны, өзектілігімен ерекше көзге түскен Ағжан Жанайдар жүлделі ІІІ орынды жеңіп алса, 3 сынып оқушылары Шыңғыс Қайратов, Абдулла Әлібеков, Алуа Қалдыбаева, Шарбану Базарбекова, Ернұр Жұмахандарға дипломдар табысталды. Сондай-ақ ұстаздары А.Тұрмантаева жетістігі үшін «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Республикалық байқауда нәтижелі көрсеткішке қол жеткізген жас зерттеушілерге алар асуларың биік болсын дейміз.
А.ТҰРМАНТАЕВА,
№158 мектептің мұғалімі