Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Диастың жобасы

Диастың жобасы


Жуырда Бурабай демалыс аймағындағы «Балдәурен» балалар лагерінде оқушылардың «Зерде» байқауы өтті. Жас­тар арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың ең беделді байқауын «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы 14 рет ұйымдастырып отыр. Биылғы шараның бір ерекшелігі – жастар жылы аясында өтуі. Қатысушы үміткерлер де әдеттегіден әлдеқайда көп. Бастапқыда 26 мың оқушыдан 18 мың жоба түскен. Алайда, байқауға ең озық деп танылған 530 баланың жобасы іріктеліп алынды.
Аталған байқауға №270 мектептің 7 сынып оқушысы Диас Нұрбаев жетекшісі физика пәнінің мұғалімі, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Гүлбақыт Орынбай екеуі ғылыми жұмысын ұсынған болатын. Мектептің ғана емес, ауданның, облыстың намысын қорғаған Диас физика және техника бағыты бойынша жүлделі 3 орынды қанжығасына байлап қайтты. Жас зерттеушінің ғылым жолындағы қадамы құтты болып, биіктерді бағындыра берсін дейміз.

А.ДҮЙСЕНБАЙ.
26 ақпан 2019 ж. 958 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам