САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНДЕ
Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманында өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық бейімдей алатын, білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – мұғалімнің міндеті. Бұл міндетті кәсіби білімі жетік, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеті де кең болмақ.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан, оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс - тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту – ұстаздың басты міндеті. Осындай ережені алға тартқан «Үздік бейінді орынбасар – 2019» байқауын айтуға болады. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалипа Сәрсенбаева ұйымдастырған байқауға ауданның барлық мектептерінің бейінді орынбасарлары қатысты.Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, оқушыларды кәсіби даярлау жұмыстарының шеберін анықтау, оларды қолдау және тәжірибесін тарату мақсатында өткен байқау нәтижесінде №270 мектептен қатысқан ұстаз Гүлбақыт Орынбай бас жүлдені жеңіп алды. І орынды №41 мектептің мұғалімі Бегайна Төлегенова иеленсе, ІІ орын №133 мектептің ұстазы Қарлығаш Райымбекова мен Айна Абуоваларға бұйырды. Ал үшінші орынды №153 мектептің ұстазы Әлима Тоғаева, №40 мектептің мұғалімі Әсия Сәдібекова, №228 мектептің оқытушысы Бақтыгүл Хайдаровалар өзара бөлісті.
А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ.