Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімділер бәйгеден озар уақыт келді

Білімділер бәйгеден озар уақыт келді

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беруден өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», деген болатын. Біздің еліміздің де білім беру реформаларының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім.
Дамудың негізі – білім мен ғылымда. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеруінде. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте болуы керек.
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен белсенділігін арттыруда, шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни, тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үрдісіне инновациялық технология­ларды енгізу шешуші рөл атқарады.
Қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегінен жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ.


Гүлназ Құрманаева.
20 қазан 2018 ж. 1 529 0