Қызылорда үй салудан көш басында тұр
2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2018 жылдың осы кезеңін алғанда 96,3% құрайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
«Республика бойынша барлығы 55 849 бірлік тұрғын үй тапсырылды (оның ішінде – 24 013 жеке үй). Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 7 өңірде жалғасуда. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%), Қостанай (118,6%) облыстары болып табылады. Тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Маңғыстау облысында (87,7%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,1%) байқалады», – делінген министрліктің хабарламасында.
Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 111,5% құрады. Жағымды динамика 8 өңірде байқалады. Көшбасшы Қызылорда (275,5%), Қарағанды (193,6%), Атырау (129%) облыстары болып табылады.
Көрсеткіштің төмендеуі Маңғыстау облысында (-30,4%) және Нұр-Сұлтан (-12,5%) және Шымкент (-34,4%) қалаларында байқалады.
Осы категория бойынша: "Ақтөбеде көше саудасын дамытуға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр Алтай Көлгінов: Алдағы 5 жылда елордада 37 мектеп салу қажет".