Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығыс Қазақстан облысында 165 көпқабатты үй пайдалануға беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 165 көпқабатты үй пайдалануға беріледі


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың облыстық мәслихат депутаттары алдындағы есеп беру жиынында халықты баспанамен қамту мәселесі айтылды. Мәлім болғандай, алдағы үш жылда 1 млн шаршы метр, яғни 165 көпқабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі, деп жазды Алтайньюс.

Биылғы жоспар бойынша 77 үй (645 мың шаршы метр) салынуы керек болса, қазір соның 16-сына (79,4 мың шаршы метр) тұрғындар қоныстанып үлгерген. Аймақ басшысының айтуынша, инженерлік жүйелер мен үйлердің құрылысына 32,6 млрд теңге бөлініп, ол қаражат толықтай дерлік игерілген.
"Жылдың екінші жартысы басталып келеді. Осы уақыт мерзімінде қала, аудан әкімдеріне 433 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруін тапсырамын. Сондай-ақ, келер жылдың жоспарындағы үйлердің құрылысына да кірісу керек. Бұған қоса, өңірлердің басшыларына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тиімділігі мен коммерциялық үй құрылыстарының аумағы мен үлесін арттыруды тапсырамын", - деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ, Өскемен мен Семейдегі көпбалалы аналарға тұрғын үйден бір-бір пәтер берілуі керектігі айтылды. Аймақ басшысы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы 2%-дық жеңілдетілген несиемен іске асырылуы қажет екендігін айтты.
Айта кетейік, облыста "7-20-25" бағдарламасы арқылы 1002 пәтер беріледі. Қазіргі уақытта екінші дәрежелі банктер оның 698-іне (6,2 млрд теңге) ұсыныс қабылдап, 433-іне (3,9 млрд теңге) келісім берген.

18 шілде 2019 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930