Жүйелі іс жемісін жереді
Сейсенбі күні аудан әкімдігінің баспасөз орталығында «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет брифинг өткізді. Онда алдағы атқарылатын бірқатар жұмыстар мен мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобалардың жүзеге асуы төңірегінде жан-жақты әңгіме өрбітті.
Биыл құрылғанына 20 жыл болған «Нұр Отан» партиясы осы уақыт ішінде шыңдалып, халықпен тікелей жұмыс жасап, кезек күттірмес шұғыл шешілуге тиіс мәселелерді үнемі назарда ұстап келеді. Осы жылдар ішінде «Нұр Отан» партиясы беделінің өсуі, іргелі істердің ұйытқысы болуы, Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының негізінде жүзеге асырылып келе жатыр. «Қазақстан 2030» Стратегиясында көзделген мақсаттарға жету жолында елімізде қолға алынған кең көлемді жұмыстар партия беделін асқақтата түсті. Мемлекет басшысы халыққа алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың нақты бағдарламасын да ұсынды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жүзеге асырылып жатқаны – осылардың барлығына халықты жұмылдырып, алға ұмтылдыратын үлкен мақсат-мұраттарды айқындауда бастауыш партия ұйымдары мен партия мүшелерінің рөлі айрықша.
– Партия теңдесі жоқ реформаларды іске асыру қоғамның барлық құрылымдық күштерінің күш-жігерін шоғырландыруда талмай еңбек етіп келеміз. Партияның XVIII съезінде Елбасының берген тапсырмаларын орындау мақсатында біз 4 ұлттық жобаны іске асыруға кірісіп кеттік. Олар «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» жобалары, – дейді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Шәймерденқызы.
«Нұр Отан» халықтық партия болғаннан соң, ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, өзінің құрылған күнінен бастап жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуын жақсарту мақсатында реформалар, жобалар тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Ұлттық жобада осы істердің жалғастырушысы, дәнекері ретінде экономика мен саясатта да ауқымды шаруалар атқарыла бермек. Иә, расыменде өткенді ой елегінен өткізіп, саралау, атқарылған істердің ауқымына тоқталып, кемшін тұстарына нендей кедергілердің кері әсерін тигізіп отырғаны жөнінде келелі кеңес құру – өміріміздің айнымас заңдылығы. Ертеңгі болашаққа барар жолдың баяндылығын бағамдайтын әр істегі осынау байыпты қадамның өлшемін, әрине, халық саралайды.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.