Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сквер саны артып, көше көркейетін болады

Сквер саны артып, көше көркейетін болады


Жуырда «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында саяси кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жүргізді.
«Нұр Отан» партиясы осы уақыт ішінде шыңдалып, халықпен тікелей жұмыс жасап, кезек күттірмес шұғыл шешілуге тиіс мәселелерді үнемі назарда ұстап келеді. Қаншама жылдар ішінде «Нұр Отан» партиясы беделінің өсуі, іргелі істердің ұйытқысы болуы, Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының негізінде жүзеге асырылып келе жатыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясында көзделген мақсаттарға жету жолында елімізде қолға алынған кең көлемді жұмыстар партия беделін асқақтата түсті. 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу межесі, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жүзеге асырылып жатқаны – осылардың барлығына халықты жұмылдырып, алға ұмтылдыратын үлкен мақсат мұраттарды айқындауда бастауыш партия ұйымдары мен партия мүшелерінің рөлі айрықша.
Аталған шарада аудан басшысының төрағалығымен күн тәртібіндегі екі мәселе ұсынылды. Шиелі кентінің санитарлық тазалық жұмыстарының атқарылу барысы тұрғысынан кент әкімінің орынбасары Б.Баймағамбетов баяндама жасады. Ол, кент ішіндегі тазалыққа және көгалдандыру жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ, аудан әкімі Ә.Оразбекұлы ауылдарда сквер санын көбейтіп, көшелерді абаттандырып, балалар ойнайтын алаңқайлар ашуды басты назарға ұстап, осы бағытта жұмыстар атқарылу керектігін нақталап айтты. Мұнан әрі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды.

Ж.Қауғанбаева.
15 желтоқсан 2018 ж. 1 178 0