Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕНБІЛІК ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

СЕНБІЛІК ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен шиеліліктер екі айлық сенбілікті қарқынды түрде жалғастыруда.
Көше қоқыстарын тазалап, аула сыпырып, ғимараттардың сыртын әктегендердің әр сенбі сайын қарасы көп. Білім, денсаулық, мәдениет саласы мен кенттегі барлық бөлім қызметкерлері, өзге көше тұрғындарының сенбілікке бір кісідей жұмылып, кент тазалығына мән бергендігі байқалады.
Аталмыш ұжым мүшелері көшелерде автожол жиегіндегі құмды алу, бордюрлерді әктеу және басқа да көптеген абаттандыру жұмыстарын атқаруда.
Биыл тал егу жұмыстары да қарқынды. Әсіресе, ауыл-аймақта жаппай көше жиектері қоршалып, ішіне ағаш отырғызылып жатыр. Күтімі дұрыс болса, жақын жылдарда аудан жасыл желекке айналмақ.

«Өскен өңір» ақпарат.
16 сәуір 2019 ж. 966 0